shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктері

Кафедраның жетістіктері

 

«Болашақ» бағдарламасы бойынша кафедра оқытушылары М.Сейтова АҚШ-тың Buffalo State университетінде,    Р.Әділбаева  Нидерландияның Лейден университетінде, Б.Турлыбеков Ұлыбританияның Лейден университетінде және Г.Ризаходжаева АҚШ-тың Мичиган университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.   
            
Кафедраның соц.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Б.Д.Турлыбеков 2021 жылы AP09261132 «Болашақ ағылшын тілі мамандардың академиялық дағдыларын жетілдіру арқылы кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруы бойынша оқу-әдістемелік кешенін зерттеу және әзірлеу» тақырыбында гранттық жоба жеңіп алды. Жобаны жүзеге асыру ұзақтығы – 3 жыл.

2020-2021 оқу жылынан бастап Педагогикалық шетел тілдері кафедрасында АҚШ елшілігінің қаржыландырумен «English Language Fellow» бағдарламасы аясында американдық оқытушылар дәріс жүргізуде.

Педагогикалық шетел тілдері кафедрасында Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы және Түркістан қ. Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында дуалды білім беру жүйесі іске асырылуда.

ОПҚ марапаттары, алғыс хаттары 

Кафедраның соц.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Б.Д.Турлыбеков 2018 жылы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

2022 жылы соц.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Б.Д.Турлыбеков Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

 

 

Кафедра аға оқытушысы Ғ.Сегизова 2021 жылы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасының білім бер жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапатталды.

 

 

Студенттердің марапаттары, алғыс хаттары

2022  жылы 4 курс студенті Үсенов Жасұлан Сұлтанұлы  «ТМД-ның үздік студенті» төсбелгісімен марапатталды.

 

2021 жылы «ТМД елдері бойынша техникалық білім жүйесін дамытудың халықаралық қоры» ҚҚ ұйымдастырған «Үкілі үміт» халықаралық педагогикалық олимпиадасында (онлайн) кафедра студенттері Маккамбаева Феруза, Темірғалы Таңшолпан, Қоныс Батырбек 1-ші орын алды.