Криминалистикадағы жаңа серпін: тәжірибе мен білім тоғысы
Тәжірибе мен теория үйлескен жерде нағыз кәсіби мектеп қалыптасады. Осы бағытта Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетінің арнайы шақыруымен Түркістан облысы ПД ТЖБ бастығы, полиция подполковнигі Дархан Зияев факультетімізге келді. Кездесу барысында студенттерді криминалистика және криминалистикалық зерттеулер саласында оқытуда қолданылатын заманауи құрал-жабдықтармен таныстырды.
Кездесу барысында құрметті қонақ қылмыстық-құқықтық білім беру үдерісін жаңғырту, оқу-тәжірибелік базаны жетілдіру және оны құқық қорғау органдарының нақты тәжірибесімен ықпалдастыру бойынша құнды ұсыныстарымен бөлісті. Практикаға негізделген кәсіби кеңестер студенттердің болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Сонымен қатар, алдағы кезеңде Түркістан облысы ПД ТЖБ мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультеті арасында бірлескен оқу-жаттығу іс-шараларын, тәжірибелік сабақтар мен дағды қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде ұйымдастыру жөнінде нақты жоспарлар белгіленді. Мұндай байланыс білім беру кеңістігін өмірлік талаптармен ұштастырып, студентке «тек оқып қана қоймай, үйренуге, көруге және істеуге» мүмкіндік береді.
Осы бағытта Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультеті теория мен практиканы ұштастыра отырып, білікті криминалист мамандарды даярлауды жүйелі түрде нығайтып келеді.
#yassawiuniversity #ЗаңФакультеті
#ПолицияДепартаменті #Криминалистика #КриминалистикалықЗерттеулер
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихан кестесі
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 