Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультетінің ұйымдастыруымен
Қоғамда құқық үстемдігі идеологиясын насихаттау тұжырымдамасына сәйкес, факультеттер мен докторанттар үшін «Құқық үстемдігі тұжырымдамасының трансформациясы және оны ұлттық құқықтық кеңістікке бейімдеу» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырылды.
Арнайы қонақтар:
құқық ғылымдарының кандидаты, профессор, Қызылорда университетінің (Қорқыт Ата атындағы) өкілі – Ерлан Амангельдіұлы Алтаев
криминалист-эксперт – Марат Абдулахатович Садыков
Қонақтар өз баяндамаларында құқық үстемдігі тұжырымдамасының тарихи бастаулары, оның даму эволюциясы және қазіргі ұлттық құқықтық жүйелерге әсері жөнінде терең ғылыми талдау жүргізді.
Семинар барысында құқық үстемдігі тұжырымдамасын Қазақстан Республикасының құқықтық кеңістігіне тиімді бейімдеудің жолдары, құқық тәжірибесіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ цифрлық қоғамда құқықтық мәдениет пен жауапкершілікті дамыту жаңа механизмдері жан-жақты талқыланды.
Әділет, өркениет және тәртіп орнаған жерде даму мен тұрақтылық қатар жүреді.
Ұлы ойшыл Қожа Ахмет Ясауи: «Халық жолында әділдік пен даналықты жасаған жан – өз елінің шырағын жағатын шам» деп, әділеттің рухани мәнін жоғары бағалаған.
Бұл рухани-құқықтық семинар семинар мазмұнын тереңдетіп, қатысушыларға үлкен серпін берді.
ІПК және докторанттар ғылыми тақырыпқа қатысты өзекті сұрақтар қойып, теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды ақпарат алды. Семинар жас зерттеушілердің ғылыми көзқарасын қалыптастырып, қазіргі құқық саласындағы тенденцияларды түсінуге жол ашты.
Ғылым – әділетке апаратын жол, әділет – мемлекеттің берік негізі.
Құқық факультеті атынан жоғары деңгейде семинар өткізген Ерлан Амангельдіұлы Алтаев пен Марат Абдулахатович Садыковқа шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Білім алмасу – ұрпаққа жақсы мұра.
#yassawiuniversity #ЗаңФакультеті #ЗАҢменТӘРТІП #ғылымисеминар #академиялықынтымақтастық
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихан кестесі
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 