«ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» СЕКЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ СӘТТІ ӨТТІ
«ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ»
СЕКЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ СӘТТІ ӨТТІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткізілген халықаралық симпозиум аясында секциялық сессиялар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, түркі цивилизациясының құқықтық мұрасы мен далалық құқық философиясы жан-жақты талқыланды.
1️⃣ Бірінші бөлім: «Әділет дәстүрі және құқық мұрасы түркі әлемінде»
♂️ Секция модераторы – Халиль Четин, ғылым кандидаты, доцент, Түркология ҒЗИ директоры.
Бірінші баяндама профессор Шакир Ибраев тарапынан ұсынылып, көшпенді қоғамдағы ауызша құқық дәстүрінің рөлі мен әділеттілікті қамтамасыз етудегі билер институтының маңызы ашылды.
♂️ Профессор Джаббар Эшанкүл «Жақсы адам – жақсы қоғам» қағидатының түркі құқық санадағы орнын және рухани мәдениеттің құқықтық ойлауға әсерін атап көрсетті.
ҚР ИИК директоры Қыдыр Турали Ахмет Ясауи түркі халықтарының моральдық-құқықтық құндылықтарына ғылымның әсерін талдады.
Профессор Азиз Беймырзаұлы қырғыз халқының «Манас» эпосында сақталған құқық нормаларының әлеуметтік бірлікті қалыптастырудағы тарихи рөлін түсіндірді.
Бөлім соңында профессор Джаббар Эшанкүл және профессор Азиз Беймырзаұлы университет кітапханасына 100-ден астам құнды еңбектерді сыйлады.
2️⃣ Екінші бөлім: «Далалық құқық философиясы»
Бауржан Сайфунов, ғылым кандидаты, «Ясауитану» ҒЗИ директоры секциялық отырысты өткізді.
⚖️ Профессор Бахытжан Куандыков далалық заңдардың табиғаты мен қоғамдық қатынастарды реттеудегі маңыздылығын егжей-тегжейлі баяндады.
Өзбекстан Ұлттық адам құқықтары орталығының өкілі Уткір Очилов конституциялық реформалардың адам құқықтарын қорғауды күшейтудегі рөлін айтты.
✔️ Доктор Муқан Исахан Қазақстан кеден заңнамасы мен ислам құқық түсінігінің өзара байланысын көрсетті.
Профессор Бекарис Нуриман «Құттықу Білік» трактатындағы «дұрыс құқық» қағидаларын талдап, түркі әлеміндегі билеуші мәдениеттің философиялық негіздерін ашты.
⚖️ Доктор Мухит Толегенов Әл-Фарабидің мұрасының Қазақстан құқық мәдениетіне әсерін ғылыми негізде ұсынды.
Қорытынды
Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген ғалымдар және Қазақстанның жетекші зерттеушілері қатысты. Бөлімде түркі халықтарының рухани ілімдері, гуманитарлық қағидалары және құқықтық ойлаудың жалпы үздік дәстүрлері жан-жақты талқыланды.
Кездесу «Ұлы даланың мұрасынан мемлекетшілдік жаңа қағидаларына» атты семинармен жалғасты.
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихан кестесі
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 