shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

     Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультеті барша нәзік жанды аруларды, ардақты аналарды, аяулы ұстаздарды және білім алып жүрген студент қыздарды 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды! 
     Әйел – өмірдің нұры, отбасының берекесі, қоғамның тірегі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен парасаттарыңыз, білім мен ғылым жолындағы қажырлы еңбектеріңіз әрдайым зор құрметке лайық. Заң факультетінің дамуына, білім мен тәрбиенің өркендеуіне қосып жүрген үлестеріңіз ерекше бағаланады.
     Бүгінде Заң факультетінде білім алып, қызмет етіп жүрген нәзік жандылар ғылымда, білімде және қоғамдық өмірде үлкен жетістіктерге жетіп, университетіміздің абыройын асқақтатып келеді. Сіздердің табандылықтарыңыз бен даналықтарыңыз жас ұрпаққа үлгі болып, болашаққа сенім ұялатады. ⚖️????
     Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс және өмірлеріңізге шаттық пен береке тілейміз. Әр күніңіз қуанышқа толы болып, мерейлеріңіз әрдайым үстем болсын!
     Мерекелеріңіз құтты болсын!