ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР - САПАЛЫ БІЛІМНІҢ КЕПІЛІ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетінде «Азаматтық құқықтық пәндер бойынша лекция сабағын өткізудің инновациялық әдістері» тақырыбында әдістемелік семинар-тренинг өтті.
Семинар тренері - Конституциялық құқық және азаматтық құқық кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Иманбекова Мәншүк Мәжитқызы.
Семинардың негізгі мақсаты азаматтық құқық пәндері бойынша лекция сабақтарын заманауи, тиімді және интерактивті әдістер арқылы өткізу тәжірибесін жетілдіру, оқыту процесіне инновациялық тәсілдерді енгізу болды.
Тренинг барысында проблемалық сұрақтар қою, кейс-талдау, геймификация элементтері және визуалды схемаларды қолдану сияқты заманауи әдістер таныстырылып, оларды лекция сабақтарында тиімді пайдалану жолдары талқыланды.
Семинардың практикалық бөлімінде Workshop ұйымдастырылып, қатысушылар топтық жұмыс форматында инновациялық лекция құрылымын әзірлеп, өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шараға Заң факультетінің әдістемелік кеңес төрайымы, профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысып, workshop тапсырмаларын орындау барысында жоғары белсенділік танытты.
Білім беру процесінде инновациялық әдістерді қолдану – оқытудың сапасын арттырып, болашақ заңгерлердің кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Заманауи білім – бәсекеге қабілетті маман даярлаудың берік негізі.
Әдістемелік тәжірибе алмасу – сапалы білім берудің маңызды қадамы.
Азаматтық құқықтық пәндер бойынша лекция сабағын өткізудің инновациялық әдістері
Күміс университеті жобасы
Емтихан кестесі
Хабарландыру
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer 