ЖЕКЕ БОСТАНДЫҚ - ӘР АДАМНЫҢ АЖЫРАМАС ҚҰҚЫҒЫ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетінде 2026 жылдың 4 наурыз күні сағат 16:30-да университеттің 3-ші ғимараты, 317-кабинетінде «Жеке бостандыққа құқық: зорлық-зомбылыққа, сталкингке және некеге мәжбүрлеуге қатысты құқықтық негіздер мен жауапкершілік» тақырыбында ақпараттық-тәрбиелік сағат өтті.
Іс-шараның басты мақсаты студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке бостандыққа қол сұғатын әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық сияқты құқық бұзушылықтардың заң алдындағы жауапкершілігін түсіндіру болды.
Кездесу барысында аға оқытушы Данишбаева Меруерт жастардың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталып, некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың қоғамдағы өзекті мәселелерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар, мұндай әрекеттердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық жауапкершілікке әкелетінін түсіндіріп, студенттермен мазмұнды пікір алмасты.
Сондай-ақ, Заң факультеті деканының орынбасары Ибраев Жандос Ғабитұлы студенттерге жеке бостандықтың маңызы, заң алдындағы жауапкершілік және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудың рөлі туралы айтып, жастарды заңды құрметтеуге және құқықтық сананы жоғары ұстауға шақырды.
Осындай тәрбиелік және құқықтық бағыттағы кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және заң мен тәртіп қағидаттарын нығайтуға үлкен үлес қосады.
Құқықтық сауаты жоғары қоғам – тұрақты әрі әділетті қоғамның негізі.
Заңды білу – әр азаматтың қауіпсіз әрі еркін өмір сүруінің кепілі.
Азаматтық құқықтық пәндер бойынша лекция сабағын өткізудің инновациялық әдістері
Күміс университеті жобасы
Емтихан кестесі
Хабарландыру
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer 