КИБЕРҚАУІПСІЗДІК - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Студенттердің қауіпсіздігіне арналған маңызды кездесу
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультетінің ұйымдастыруымен «Онлайн-алаяқтық және фишинг – студенттердің киберқауіпсіздігі» атты тақырыпта танымдық әрі маңызды іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты - білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігіндегі алаяқтық әрекеттердің алдын алу және киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында қазіргі қоғамда жиі кездесетін онлайн-алаяқтық, фишингтік шабуылдар, жалған сілтемелер арқылы деректерді ұрлау, әлеуметтік желілердегі алаяқтық тәсілдер туралы жан-жақты түсіндірілді. Студенттерге жеке мәліметтерді қорғау, күмәнді хабарламалардан сақтану және интернет қауіпсіздігінің негізгі қағидалары жөнінде нақты мысалдар арқылы ақпарат берілді.
Іс-шараның спикерлері ретінде “Қылмыстық құқық” кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және білім алушылар қатысып, өз тәжірибелері мен білімдерін ортаға салды. Атап айтқанда:
• З.ғ.к., аға оқытушы Губайдуллин Мурат Габидуллиевич
• З.ғ.к., аға оқытушы Мергенбаев Ержан Пернеханович
• PhD, аға оқытушы Досекеев Олжас Бекболдыұлы
• МЗК-511 тобының магистранты Сайлау Бақдәулет
• ЗҚҚ-511 тобының топ басшысы Серимбетова Шаттық
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, киберқауіптердің алдын алу жолдарын талқылады. Мұндай мазмұнды кездесулер студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың заманауи қауіптерге қарсы тұру қабілетін арттыруға үлкен үлес қосады.
Заң факультетінде ұйымдастырылатын осындай тағылымды іс-шаралар білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіз әрі саналы қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.
Азаматтық құқықтық пәндер бойынша лекция сабағын өткізудің инновациялық әдістері
Күміс университеті жобасы
Емтихан кестесі
Хабарландыру
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer 