shape
shape

Ынталы бағыт

‘Қазақстанның халықаралық міндеттемелері аясында ұлттық құқықтың трансформациясы’ 

тақырыбы бойынша ынталы бағыт ғылыми траекториясы

Мақсаты:

Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау аясында ұлттық құқық жүйесін жаңғырту үрдісін зерттеу. Бұл бағыт бойынша басты мақсат – халықаралық келісім шарттардағы нормаларды ұлттық заңнамаға енгізу мен қолданудың теориялық және практикалық мәселелерін анықтау. Сонымен қатар білім алушылар мен жас ғалымдарды халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың өзара әрекеттесуін терең түсінуге баулу, жоғары білім бағдарламаларын халықаралық стандарттармен үйлестіруге үлес қосу көзделеді. Мақсат тұрғысынан халықаралық келісім шарттардың ұлттық құқыққа ықпалы мен конституциялық заңнаманың халықаралық нормаларға сай келуін зерделеу маңызды.

Жоспар:

Ғылыми траектория төрт академиялық деңгейде жүзеге асырылады:

  • Бакалавриат деңгейі: Дәрістер мен семинарларда халықаралық конвенциялардың нормаларын қазақстандық заңнамаға енгізу процесінің мысалдарын талдау. Білім алушылырға келісімшарттар мен халықаралық актілердің заң нормаларымен байланысын көрсету, мысалы, адам құқығы мен қылмыстық құқық саласындағы конвенцияларды қарастыру. Студенттік ғылыми жобалар мен білім алушының өзіндік жұмыстарының  тақырыбын «Қазақстанның халықаралық міндеттемелері аясында ұлттық құқықтың трансформациясы» тақырыбы аясында  белгілеу. Білім алушылырға осы тақырып аясында шағын зерттеу жұмыстарын, эсселер мен дипломдық жобаларды дайындауға жетекшілік ету. Білім алушыларды  студенттік конференциялар мен дөңгелек үстелдерге тарту. Бұл олардың халықаралық құқық мәселелерін талқылауға және білімдерін нығайтуға септігін тигізеді.
  • Магистратура деңгейі: Магистранттарға арналған «Қазақстанның халықаралық міндеттемелері аясында ұлттық құқықтың трансформациясы» тақырыбы аясында  ғылыми семинарлар өткізу. Мұнда магистранттар жаңа заң жобалары мен халықаралық келісімдердің мазмұнын талқылайды. Магистранттардың дипломдық жобаларын халықаралық міндеттемелерге қатысты көкейкесті мәселелерді зерттеуге бағыттау. Мысалы, қылмыстық заңнамадағы жаңа өзгерістерді халықаралық конвенциялармен салыстыру тақырыбында зерттеулер жүргізу. Магистранттардың өз ғылыми жетістіктерін таныстыратын кафедралық немесе университетішілік ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру. Бұл іс-шараларда магистранттар тақырып бойынша баяндамалар әзірлеп, талқылауға қатысады.
  • PhD (докторантура) деңгейі: PhD докторанттарды «Қазақстанның халықаралық міндеттемелері аясында ұлттық құқықтың трансформациясы» тақырыбы аясында   ғылыми жобаларға тарту және жоба дайындауда жетекшілік ету. Бұл олардың  Қазақстан заңнамасын халықаралық нормаларға сәйкестендіру мақсатында жаңа ұсыныс білдірулеріне  мүмкіндік береді. PhD докторанттардың әлемдік және өңірлік конференциялар мен симпозиумдарға қатысуын  жоспарлау. Бұл PhD докторанттарының шетелдік конференциялардан баяндамалар тыңдап, халықаралық ортадағы тәжірибені көруіне және өз зерттеулеріне ұсынуына мүмкіндік береді. Докторанттарды беделді халықаралық және республикалық ғылыми басылымдарға мақала жариялауға, сондай-ақ ғылыми гранттар мен стипендияларға өтінім беруге дайындау. 
  • Оқытушы профессорлық қауымы: Қылмыстық құқық кафедрасының оқытушылары «Қазақстанның халықаралық міндеттемелері және ұлттық құқық трансформациясы» тақырыбы аясында  кемінде 1–2 ғылыми мақала дайындауы тиіс. Кафедраішілік ғылыми семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу (әр семестр сайын) оқытушылар мен басқа Университеттердің оқытушы профессорлық қауымымен және әр деңгейдегі білім алушылармен бірлесіп, халықаралық міндеттемелерді орындау тәжірибесін талқылайды. Бұл семинарларға шетелдік ғалымдарды немесе мемлекеттік органдар өкілдерін шақыру арқылы тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін қарастыру.

Міндеттер:

  1. «Қазақстанның халықаралық міндеттемелері және ұлттық құқық трансформациясы» тақырыбы аясында ғылыми және студенттік конференциялар өткізу арқылы кафедра мүшелері мен білім алушылардың өзекті тақырыптарды талқылауына жағдай жасалады. Мысалы, студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияның негізгі мақсаты – бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және инновациялық әдістерді білім беру үдерісіне енгізуді жетілдіру болып табылады. «Қазақстанның халықаралық міндеттемелері аясында ұлттық құқық трансформациясы» тақырыбы аясында жылына бір рет пәнаралық (қылмыстық құқық, конституциялық құқық және халықаралық құқық мамандықтары арасында) ғылыми-практикалық конференция өткізу. Білім алушылар мен магистранттардың қатысуымен бір рет студенттік конференция ұйымдастыру. Конференция форматында студенттер ғылыми жетекшілерімен бірге зерттеу нәтижелерін ұсынады. Жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша жас ғалымдардың идеяларын қолдау көрсетіле отырып,  тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіледі.
  2. 2025–2026 оқу жылының барысында әр семестр сайын «Қазақстанның халықаралық міндеттемелері және ұлттық құқық трансформациясы» тақырыбы аясында ашық дәріс өткізу. 
  3. Кафедра меңгерушісі мен оқытушылардың қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізу. «Қазақстанның халықаралық міндеттемелерінің қылмыстық құқықты және басқа құқық салаларын жетілдіруге әсері» деген тақырыпта ашық талқылау ұйымдастыру. Осылайша  білім алушылар мен магистранттарды және PhD докторанттарды тақырыпқа тарту және пікір алмасуды қамтамасыз ету.

     Жоғарыда көрсетілген тапсырмалар мен іс-шаралар 2025–2026 оқу жылына жоспарланып, «Қылмыстық құқық» кафедрасының оқытушы профессорлық кауымы тарапынан жүйелі түрде жүзеге асырылады. Оқытушылардың барлығы  Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау аясында ұлттық құқықты трансформациялау мәселелерін оқыту бағдарламасы мен зерттеуде және интеграциялауда белсенді түрде ат салысады.

    ‘Қазақстанның халықаралық міндеттемелері аясында ұлттық құқықтың трансформациясы’ тақырыбы бойынша ынталы бағыт ғылыми траекториясының орындалуы бойынша жауапты оқытушы ретінде Phd аға оқытушы Ибраев Жандос Габитович (zhandos.ibrayev@ayu.edu.kz) тағайындалды.