«Әділетті Қазақстан: Инсайттан пікірсайысқа дейін» атты тәрбиелік сағат өткізілді
Заң факультеті "Конституциялық құқық және азаматтық құқық" кафедрасында кафедра оқытушысы А.Нартайдың ұйымдастыруымен 2025 жылдың қараша айының 26 -жұлдызында «Әділетті Қазақстан: Инсайттан пікірсайысқа дейін» атты тәрбиелік сағат өткізілді.
Шара барысында Қазақстанның 2025–2030 жылдарға арналған Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы таныстырылып, оның маңызы мен басты бағыттары талқыланды.Арнайы қонақ ретінде Аманат партиясы жанындағы "Жастар рухы" жастар қанатының өкілдері — Мадиярұлы Еркебұлан, Ермахан Мырзабай Болатұлы және Дастан Жұлдызай қатысты.Қатысушылар тұжырымдама аясында заң мен тәртіпті нығайту жолдары, жастардың құқықтық санасын арттыру мен қоғамдағы құқықтық тәртіптің маңыздылығы туралы өзара пікір алмасты.
Бұл тәрбиелік сағат студенттердің құқықтық мәдениетін нығайтуға және әділетті қоғам құрудағы азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды шара болды.
Хабарландыру
Хабарландыру!
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 