Көпшілік алдында сөйлеу және тыңдай білу. Арман - жүректен, жетістік - еңбектен
Топ эдвайзері Данишбаева Меруерт Серікқызының жетекшілігімен ЗҚТ-412 және ЗҚТ-411 топтарында «Көпшілік алдында сөйлеу және тыңдай білу. Арман - жүректен, жетістік - еңбектен» тақырыбында мотивациялық- тәрбие семинары өткізілді.
Заманауи тренд пен болашақты дұрыс жоспарлау тоғысы
Бүгін 30.12.2025 ж күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Заң факультетінде жастарға ой салып, болашаққа бағдар беретін ерекше семинар өтті.
Тақырып - «Көпшілік алдында сөйлеу және тыңдай білу». «Арман - жүректен, жетістік - еңбектен». Бұл мәселе қазіргі жастардың күнделікті өмірімен тікелей байланысты
болғандыктан, семинар студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Арнайы қонақ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Аса қауіпті инфекцияларды бақылау басқармасының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты Айтымбет Гүлназ Әлібиқызы студенттермен өз өмір жолын, мемлекеттік кызметтің, коғамдағы орнын және кәсібіндегі жауапкершілікті терең, толғай отырып, жастарға адал еңбек пен уздіксіз дамудың маңызын айрықша атап өтті.
Сондай-ақ факультеттің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, PhD аға оқытушысы Ибраев Жандос Габитович жастардың ізденісін қолдап, олардың еңбегіне жігер берді.
Семинарда студенттер өз ойларын ашық білдіріп,мотивациялық ойындарға қатысты- «Көпшілік алдында сөйлеу және тыңдай білу». «Арман - жүректен, жетістік - еңбектен» тақырыптары кенінен талқыланды.
«Конституциялық құқық және азаматтық құқық» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Медетов Алимардин Шахмардинович студенттерге алға қойған мақсаттарына жету үшін өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті.
Бұл кездесу бір ғана семинар емес, Заң факультетінің заман ағымынан қалыспай, уздіксіз дамып отырганының айқын дәлелі болды. Жастардың ой-өрісін кеңейту үшін
факультет ұстаздары да заманға бейімделіп, солармен бірге даму устінде екенін көрсетті.
Мұндай тағылымды шаралар студенттердің көкжиегін дамыта отырып, уақытын тиымды пайдалануға және дұрыс жоспарлауға, көпшілік алдында қорықпай сөйлеуге қосымша білімін арттырды.
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихан кестесі
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 