shape
shape

Жаңалықтар

⚖️Заң факультеті үшін тарихи қадам: жаңа меморандум, жаңа мүмкіндіктер!

 Әріптестер, қуанышты жаңалығымызбен шын жүректен бөлісеміз!
✍ Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында заң факультетінің деканы Қасымбек Алия Орынбасарқызы құрметті қонақтарды таныстырып, факультетіміздің білім беру және практикалық әлеуеті, кәсіби даярлық бағыттары мен болашақ мақсаттары туралы баяндады.

✔️ Меморандумға университетіміздің ректоры Темірбекова Жанар Амангелдіқызы және кафедра меңгерушісі, соның ішінде Аян Серікұлы Ақбердиев қол қойып, бірлескен жұмыстың жаңа кезеңін бастады.

⚖️ Бұл меморандум заң факультеті үшін үлкен серпін!
Өйткені аталған комитет қылмыстық қызметтің динамикасы, құқықбұзушылықтар мен құқық қорғау процестері бойынша ресми құқықтық статистиканы қалыптастырып, талдайтын маңызды мемлекеттік орган болып табылады. Ал деректермен жұмыс істей алатын, статистика негізінде дәлелдер құра білетін болашақ заңгер үшін аналитикалық ойлау — кәсіби деңгейдің нақты көрсеткіші.

✔️ Ынтымақтастық аясында:
• студенттерге арналған ашық дәрістер, шеберлік сыныптары және практикалық кездесулер тұрақты түрде өткізіледі;
• студенттер, магистранттар мен докторанттар ғылыми зерттеулерде ресми статистиканы қолдану әдістемесін меңгереді;
• құқықтық статистика негізінде аналитикалық зерттеу мәдениеті қалыптастырылады;
• цифрлық деректер, құқықтық мониторинг және ашықтық салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, қонақтарға барлық салада табысқа жеткен түлектерімізге арналған арнайы стенд таныстырылды. Бұл стенд — заңгердің дәстүрі мен сабақтастығының, абыройы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Басты мақсатымыз — теория мен практиканы ұштастыра алатын, әділ әрі терең ойлайтын, ел дамуына үлес қосатын білікті заңгерлерді даярлау. Бұл меморандум — осы мақсатқа жетудегі маңызды қадамдардың бірі.

Қуанышымызды бірге бөлісейік! 
#YassawiUniversity #ҚРБасПрокуратурасы #Құқықтықстатистикажәнеарнайыесепкеалуккомитеті #Заңфакультеті