shape
shape

Жаңалықтар

Жеңіс жолы - еңбек пен рухтың айғағы!

Жеңіс жолы - еңбек пен рухтың айғағы!
 Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультеті студенттерінің жетістігі тағы бір мәрте жоғары деңгейде дәлелденді! 
 Заң факультетінің ЗҚҚ-411 тобының студенті Альжанова Елдана Сәрсенбекқызы спорт майданында қатарынан екі ірі бәсекеде жүлде алып, факультет абыройын асқақтатты.
 III-ші Универсиада (түрік тілдес мемлекеттер ЖОО арасында)
Қырғызстан Республикасы, Қырғыз-Түрік «Манас» Университетінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық додада Елдана «алыш күресі» бойынша 65 кг салмақ дәрежесінде Қола медаль (3-орын) иеленді.
 Қазақстан Республикасының кубогі - Самбо (Семей қаласы, 9–13 желтоқсан)
72 кг салмақ дәрежесінде Күміс медаль (2-орын) жеңіп алып, сонымен қатар жалпы командалық есепте  жеңімпаз (1-орын) атанды.
 Бұл тек медаль емес. Бұл - тәртіп, табандылық, ерік-жігер және мақсатқа адалдықтың нәтижесі. Елдананың жеңісі жастарға үлгі, ал біз үшін мақтаныш! 
 Елдана Сәрсенбекқызын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биіктерден көріне беріңіз!