Ғылыми мінбер - студент әлеуетін танытатын алаң!
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция аясында секциялық отырыстар ұйымдастырылды.
Конференция шеңберінде:
«Конституциялық құқық және азаматтық құқық» кафедрасының секциясы,
«Қылмыстық құқық» кафедрасының секциясы жұмыс атқарып, білім алушылар өздерінің ғылыми баяндамаларын ұсынды.
Секциялық отырыстарға қатысып, баяндама жасаған білім алушылардың жалпы саны - 55 білім алушы.
Екі секция қорытындысы бойынша үздік деп танылған 2 білім алушы университет ішінде өткен PechaKucha конкурсына қатысып, жалпы ұпай саны бойынша 6-шы және 14-ші орындарды иеленді.
Бұл нәтиже ізденіс, жүйелі дайындық және ғылыми ойлау мәдениетінің нақты көрсеткіші. Студенттердің белсенділігі құқықтық ғылымның дамуына серпін береді!
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Ғылыми жолда табыс пен жаңа жеңістер көп болсын!
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихан кестесі
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 