Қайырымдылыққа ұйытқы болған Ерболат Темірболатұлына заң факультетінің алғысы
Қайырымдылыққа ұйытқы болған Ерболат Темірболатұлына заң факультетінің алғысы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультеті атынан қайырымдылық бастаманың ұйымдастырушысы әрі идея авторы - Балғабаев Ерболат Темірболатұлына шынайы ризашылығымызды білдіреміз!
Іс-шара барысында балалар жылы қарсы алынып, бір дастархан басында тамақтанды. Қамқорлық танытылып киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, бассейнге апару арқылы балалар қуанышқа бөленді. Ал соңында ДЭР қызметкерлерімен бірге хор орындады. Әсерлі әрі тәрбиелік мәні жоғары ортақ сәтпен шара қорытындыланды.
Сонымен қатар, балалардың білімге деген ынтасын арттыру мақсатында тәрбиеленушілер Заң факультетінде ДЭР ашқан арнайы аудиторияға келіп, тест тапсырды. Бұл қайырымдылықты тек көңіл көтерумен шектемей, оны оқу-танымдық бағытпен ұштастырған мазмұнды қадам болды.
Аталған іс-шара аясында біздің университет пен ДЭР құрылымы арасында тығыз қарым-қатынас пен жүйелі ынтымақтастық қалыптасып келе жатқанын ерекше атап өтеміз. Бұл әріптестікті үйлестіріп, байланысты бекемдей түскен Жанар Амангелдіқызының ұйымдастырушылық қолдауы мен жанашыр үлесі де айрықша. Ең толқытқан тұсы жүректерді біріктірген бірегей хор жобасы. Оның құрамында:
• ұжым қызметкерлері,
• қызметкерлердің балалары - болашақ жас АФМ өкілдері,
• Арыс қаласы мен Төле би ауданындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері болды.
Шамамен 150 адамдық ортақ хордың бір сахнада тоғысуы — бірлік пен сыйластықтың, ұрпақтар сабақтастығының шынайы көрінісі.
Ерболат Темірболатұлы, Сіздің бастамаңыз өзгелерге үлгі, жастарға үміт, қоғамға сенім сыйлады. Заң факультеті атынан алғыс айтып, игі істеріңізге толағай табыс тілейміз!
Осы жолдар Сізге жылулық, шабыт және жақсы көңіл-күй сыйласын! Ортақ энергиямыз әрдайым жұмыста күш-қуат берсін!
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихан кестесі
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 