Түлекпен тікелей байланыс: Мансапқа нақты қадам
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультетінің ұйымдастыруымен «Тікелей диалог: Q&A Session» форматында «Мамандық таңдаудағы жауапкершілік: тәжірибелі прокурордың кеңестері» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Спикерлер - факультет түлектері:
Утегенов Мырзахмет Сеидахметұлы - 2006 жылғы түлек, Түркістан облысы Жетісай ауданының прокуроры
Нақыпбеков Амангелді Өмірханұлы - 2004 жылғы түлек, Мақтаарал ауданының прокуроры
Кездесудің негізгі мақсаты - білім алушылардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттыру, құқық қорғау саласының ерекшеліктерін нақты түсіндіру, сондай-ақ түлектермен тұрақты кәсіби ынтымақтастықты нығайту.
Тікелей сұрақ-жауап барысында студенттер прокурор болудың талаптары, мансаптық өсу жолдары, қызметтік этика мен тәртіп, кәсіби жауапкершілік мәдениеті туралы сауалдарын қойып, тәжірибеге сүйенген нақты жауаптар алды.
Бұл кездесу студенттерге мақсатты айқындап, болашақ мамандыққа деген сенімді күшейтуге ықпал етті: мамандық атақ емес, күн сайын дәлелденетін жауапкершілік пен еңбек.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультетінің атынан спикерлерге тәжірибесімен бөлісіп, жастарға бағыт бергені үшін шынайы алғыс білдіреміз.
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру!
Қорытынды аттестаттаудың кешенді емтихан кестесі
Хабарландыру
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 