Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Академиялық ұтқырлық аяқталды

Академиялық ұтқырлық – жоғары білім сапасының басым бағыты

Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру және білім берудің сапасын бақылау үшін әдістемелік қамтамасыз ету университетің халықаралық білім беру қызметін ұсыну процессіне қатысуының анықтаушы факторы болып табылады.

Осы орайды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасындағы келісім жасалып, өзара ынтымақтастық орнады.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Заң факультетінен Қорқыт ата университетіне екі профессор-оқытушымыз барып офлайн форматта сабақтар өткізіп, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты  Губайдуллин Мурат Сайлаубекович з.ғ.к, аға оқытушы - Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы пәндерінен дәріс берсе, аға оқытушы, заң ғылымдарынң магистрі Тұрлыбеков Қайрат Аманжолұлы - Азаматтық құқық (жалпы бөлім), Азаматтық іс жүргізу құқығынен дәрістер жүргізді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру оқу сапасын арттыруға, профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуетін нығайтуға, жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік берді.