«Адалдық пен ар-ұят – жемқорлық пен нашақорлықсыз болашақтың негізі» атты ашық тәрбиелік іс шара өткізілді
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультетінің аға оқытушысы Алимбаева Ақтолқын Алмасханқызының жетекшілігімен Құқық қорғау қызметі мамандығының 2-курс білімгерлері арасында «Адалдық пен ар-ұят – жемқорлық пен нашақорлықсыз болашақтың негізі» атты ашық тәрбиелік іс шара өткізілді.
Іс шараның мақсаты – жастардың бойында адалдық, әділдік, ар мен ұят сияқты рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ жемқорлық пен нашақорлықтың зияны туралы саналы көзқарас қалыптастыру.
Тәрбиелік іс шараға университетіміздің әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі басшысы Абдукаримова Эльмира Үсенқызы және Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөнінде аға жедел уәкілі полиция майоры Бимаханов Марат Асылханович қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибесі мен маңызды ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында білімгерлер белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамау қажеттігін атап өтті. Мұндай іс-шаралар жастардың бойында адамгершілік пен жауапкершілікті арттырып, саналы өмір салтын ұстануға бағыт береді.
Хабарландыру
Хабарландыру!
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 