shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

25 Қазан - Республика күніне орай мазмұнды семинар өтті.

Мемлекеттік егемендік - ұлт рухының темірқазығы!

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультетінің ұйымдастыруымен, 25 Қазан - Республика күніне орай мазмұнды семинар өтті.

«Мемлекеттік егемендік: тарихи сабақтар және тәуелсіз Қазақстанның даму жолы» атты тақырыпта өткен бұл семинарды факультеттің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Ибраев Жандос Ғабитұлы жүргізді.

Шара барысында тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңдері, мемлекеттіліктің іргетасын қалаған тарихи оқиғалар мен тұлғалардың рөлі жан-жақты талқыланды. Студенттер ел тарихына, ұлттық егемендік ұғымына терең үңіліп, отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын сезіне алды.

Ибраев Жандос Ғабитұлы өз сөзінде Республика күні - ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің символы екенін атап өтіп, болашақ заңгерлерді ел мүддесін қорғауға, мемлекеттілікті сақтауға шақырды.

Студенттер белсенді пікір білдіріп, өз көзқарастарымен бөлісті. Бұл кездесу жастардың тарихи санасын нығайтып, егемендік құндылығын жүректеріне сіңірген ерекше рухани сәт болды.