shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Әділдік, заң үстемдігі және жауапкершілік құндылықтары

    Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 05 қараша 2025 Жарлығын орындау мақсатында Заң факультетінің 3-курс білімгерлері арасында топ эдвайзері А.Алимбаеваның басқаруымен дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелде қатысушылар қазіргі кезеңдегі құқықтық реформалардың негізгі қағидаттары - әділдік, заң үстемдігі және жауапкершілік құндылықтары төңірегінде пікір алмасты. Білімгерлер өз ойларын ашық білдіріп, қоғамның дамуы мен мемлекеттің тұрақтылығы үшін әділдік пен жауапкершіліктің маңызына ерекше назар аударды. Мұндай шаралар білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, құқықтық мәдениеті мен азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталады.