«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты аясында іс-шара өтті
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетінде 2025 жылдың 11 қарашасында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын түсіндіру және оның маңызын талқылау мақсатында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға ЗҚҚ-511 тобы, сондай-ақ факультет оқытушысы Губайдуллин М. қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекет пен халық арасындағы ашық диалогты нығайту, азаматтардың пікірін ескеретін тиімді басқару жүйесінің маңызын толыққанды түсіндіру. Сонымен қатар студенттердің құқықтық мәдениетін арттыру, жауапкершілік сезімін дамыту және елдің тұрақты дамуына үлес қоса алатын жас буын қалыптастыру болып табылады.
Шара барысында қатысушылар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының мазмұнын талқылай отырып, биліктің ашықтығы, қоғаммен байланыс орнату тетіктері, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігі және есеп беру принциптерінің өзектілігіне тоқталды. Мемлекеттік қызметтегі әділдік, айқындық және жауапкершілік азаматтардың сенімін қалыптастыратыны жөнінде пікір алмасу өтті.
Жас буын үшін бұл қағидаттың мәні – қоғамдағы әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін сезіну, өз ойын ашық айту, қоғамдық мәселелерге бейжай қарамау және мемлекет тарапынан осы пікірлердің ескерілуіне мүмкіндік бар екенін түсіну. Студенттердің белсенді азаматтық позициясы елдің одан әрі дамуына ықпал ететіні айтылды.
Халықпен тиімді байланыс орнату – дамыған және әділ қоғам құрудың басты шарты. Ел болашағы – пікіріне құлақ асылатын, мәселесіне назар аударылатын, құқықтары қорғалатын азаматтардың белсенділігімен қалыптасады. Тыңдай білетін мемлекет – сенімге негізделген қоғамның кепілі.
Хабарландыру
Хабарландыру!
Хабарландыру!
XXXIV студенттік ғылыми-теориялық конференция
Қонақ дәрісі
"Adalet" дебат клубының ашылуы
Future lawyer
GUEST LECTURE 