Хабарландырулар

shape
shape

Білім беру мақсаттары мен жетістіктері

  • Басты бет
  • Білім беру мақсаттары мен жетістіктері

Орындаушылық өнер кафедрасының мақсаты – ұлттық және әлемдік мәдени кеңістікте бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді, шығармашылық әлеуеті жоғары дәстүрлі ән, эстрада орындаушыларын, актер, хореографтар мен педагог-музыканттарды даярлау арқылы өнер саласын дамытуға үлес қосу. Кафедра өнердің дәстүрлі және заманауи бағыттарын ұштастыра отырып, ғылыми-әдістемелік базасын нығайту, инновациялық білім беру технологияларын енгізу, шығармашылық орта қалыптастыру, білім алушылардың кәсіби орындаушылық шеберлігін жетілдіруді басты міндет ретінде белгілейді. Білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған заманауи оқыту әдістерін енгізіп, қазақтың дәстүрлі музыкалық мұрасын, ұлттық би өнерін, актерлік мектеп дәстүрлерін жаңа форматта дамыту. Ұлттық өнерді әлемдік деңгейдегі сахналық стандарттармен үйлестіріп, оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу, шығармашылық зертханалар ұйымдастыру. Халықаралық ғылыми байланыстарды дамыта отырып, оқу театры, ұлттық аспаптық ансамбль, хореографиялық топтар жұмысын кеңейту. Шетелдік жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлықты жолға қою және халықаралық мамандарды тарту, мастер-класс, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру.

 

Білім беру мақсаты: Қазақ мәдениеті мен өнері, театр, музыка, хореография шоу-бизнес саласында орындаушылық қызметті жүзеге асыратын, еңбек нарығының сұраныстары мен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес енгізуге және дамытуға қабілетті, шығармашылық жобалау жұмыстарын іске асыра алатын, сахналық сыртқы және ішкі техниканы меңгерген, ұжымдық шығармашылықтың этикалық принциптерін ұстанатын, режиссердің жетекшілігімен әртүрлі жанрдағы драмалық спектакльдердегі рөлдерді орындайтын, хореографиялық би қойылымдарына құрып, концерттік-орындаушылық және музыкалық-ағартушылық қызметте іскерлігі мен дағдыларын меңгерген, өнер саласында бәсекеге қабілетті заманауи деңгейіне сәйкес білікті маман даярлау.

 

 Даму принциптері: 

  • ақпараттық ашықтық – ынтымақтастықтың кез келген түрлері мен нысандары үшін ашықтық (білім беру процесі және біліктілікті арттыру бағыттары; консультациялық, әдістемелік және сараптамалық-талдамалық қызметтер көрсету, ғылыми-зерттеу қызметі саласында); 
  • оқытудың үздіксіздігі принципі: оқыту дипломмен аяқталмайды, бірақ түлектермен кейінгі шығармашылық және іскерлік байланыстарды қамтиды. Оқыту нысандарының әртүрлілік принципі - ең көп сұранысқа ие жаңа бакалавр, магистрлік бағдарламаларды іздеу, біліктілікті арттыру және кәсіптік қайта даярлаудың жаңа бағдарламаларын құру (кафедра бейініне сәйкес нарықта сұранысқа ие бағыттар бойынша қысқа мерзімді курстар);
  • технологиялылық принцип - білім беру процесін жүргізудің жаңа нысандарын іздеу және оқу және ғылыми қызметті жүзеге асырудың тиімді әдістерін, құралдарын, тәсілдері мен рәсімдерін қамтамасыз ету. 
  • корпоративтілік принципі - дәстүрлер мен әлеуметтік құндылықтарды бекіту және дамыту негізінде кафедраның мақсаттары мен идеологиясын бөлісетін бірыңғай команда рухын құру;
  • инновация принципі - ғылыми-зерттеу, жобалау қызметін жандандыруға, қаржыландырылатын конкурстар мен гранттарды тұрақты іздеуге бағдарлану;
  • интеграция принципі - кафедраның айналасында коммуникациялық байланыстар жүйесін құру (білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелері бойынша басқа кафедралармен, кафедра түлектерімен және басқа жұмыс берушілермен, мектеп және колледж оқытушыларымен және т. б.);