Миссия мен міндеттер
.png)
Миссия: өнер және білім саласында арнайы және кәсіби құзыретті, білімді, білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
Стратегиялық мұраты – ұлттық және әлемдік мәдени кеңістікте бәсекеге қабілетті, кәсіби даярлығы жоғары, шығармашылық әлеуеті мол орындаушылар мен өнер мамандарын даярлау арқылы өнер саласының тұрақты дамуына үлес қосу. Кафедраның басты бағдары – өнерпаздардың кәсіби шеберлігін тереңдету, инновациялық білім беру технологияларын енгізу, дәстүрлі және заманауи орындаушылық бағыттарды үйлестіру, сондай-ақ ғылыми-әдістемелік базаны жетілдіру.
Кафедра стратегиялық мақсаттарын төмендегі бағыттар арқылы жүзеге асырады:
- орындаушылық шеберлікті дамытатын заманауи білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
- ұлттық өнерді сақтап, көпқырлы мәдени құндылықтарды насихаттау;
- студенттердің шығармашылық ізденісіне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету;
- халықаралық деңгейдегі әріптестікті кеңейту және академиялық ұтқырлықты дамыту;
- өнер педагогикасы мен орындаушылық практикада жаңа инновациялық әдістерді енгізу;
- концерттік, сахналық мәдениетті терең меңгерген кәсіби тұлғаларды тәрбиелеу.
Бұл мұрат кафедраның ұзақ мерзімді даму бағытын анықтап, өнер саласына жоғары кәсіби кадрлар даярлауға негіз болады.
Емтихан кестесі 