shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

         2024-2025 оқу жылында Қазақстан, Қарақалпақстан, Өзбекстан  және Түркия Республикасынан ғылым кандидаттары, доктор профессорлар келіп, студенттерге стоматология саласының заманауи технологиялық даму бойынша түрлі дәрістер өтілді. Сонымен қатар ғалымдарды шақыртып қана қоймай олар мен бірлесе жұмыс  жасауды жоспарлаудамыз. Студенттерге алыс, жақын шет елдік мамандар имплантология, ортодонтия, хирургиялық стоматология, балалар стоматологиясы бойынша теориялық білімін шыңдап қана қоймай, оны мастер класс түрінде қөрсетіп, ауқымды ем шараларын жасап көрсетуде. Кафедраның магистр оқытушысы Ш.А.Абдукадиров 07.11.2019-08.08.2020 жылдары Түркия мемлекетіне Анкара қаласының Gazi университетіне біліктілігін арттырды. 

       Кафедра оқытушысы м.ғ.к., аға оқытушы Ф.Т.Темуров 2023-2024 оқу жылында жоспарланған Sсopus  журналына 4 ғылыми мақалаларым жарық көрді. 2023 жылы өз қаражаты арқылы Германия, Бельгия,Франция елдерінің атақты жоғарғы оқу орындарында стоматология саласы бойынша конференция, семинарларға қатысып тәжірибе жинақтады, атақты ғалымдармен жұмыс жасады. 2024-2025 оқу жылында стоматология саласы бойынша 9 патентке құжаттарымды және профессор атағын алу үшін хұжаттарымды тапсырды. 2 патентке және 3 авторлық куәлікке алу үшін оңды шешім алды. Осы аралықта жақ,бет сүйегі аймағының қабыну аурулары және оны емдеу ерешеліктері туралы түрік тілінде оқулық жазды. Бірнеше студенттері конференцияларда жүлделі орындар алуда.

Студенттер жетістігі

Студенттеріміз ұтқырлық бойынша Түркияға барып  білімдерін алмасып отырады. Алыс жақын шет елдерде, Қазақстанның түкпір түкпірінде болып жатқан түрлі конференцияларға, білім сайыстарына,мастер кластарға  қатысып, жүлделі орындар, мақтау қағаздарымен марапатталып өз білімдерімен көзге түсіп отырады.

Жоғарғы курс студенттері мектеп оқушыларымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Сау тіс денсаулық кепілі», «Тіс күтімі» атты түрлі іс-шаралары ұйымдастырылып отырады. Іс-шараларға студенттер белсене қатысып, оқушыларға ауыз қуысы гигиеналарын үйретеді. 2022-2023 оқу жылында Университет басшылығы қолдауымен, Әлеуметтік-жауапкершілік жобалары негізінде «Күлімдеген жүздер!», «Риясыз күлкілер!» атты ауқымды іс-шара ұйымдастырылып кафедра оқытушыларымен, 4-5 курс студенттер қатысып, белсенділік танытты. Сонымен қатар, Өзбекстан Респуликасы Ташкент мемлекеттік стоматология институтында 6.05.2024-10.05.2024ж. аралығында өткілген Стоматология ЖОО студенттерінің “Central Asia Dental Forum & Olympiad” атты Халықаралық олимпиадасында 4-курс студенттері Аджиев Имран (Ғылыми жетекшісі, м.ғ.к., аға оқытушы Ф.Т.Темуров) 1-орынға және Ескараева Жанерке (ғылыми жетекшісі - Абдукадиров Ш.А.) 2-орынға ие болды.