shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

2023-2024 оқу жылында Қазақстан,Қарақалпақстан, Өзбекстан  және Түркия Республикасынан ғылым кандидаттары,доктор профессорлар келіп,студенттерге стоматология саласының заманауи технологиялық даму бойынша түрлі дәрістер өтілді.Сонымен қатар  ғалымдарды шақыртып қана қоймай олар мен бірлесе жұмыс  жасауды жоспарлаудамыз. Студенттерге алыс, жақын шет елдік мамандар имплантология,ортодонтия,хирургиялық стоматология,балалар стоматологиясы бойынша теориялық білімін шыңдап қана қоймай оны мастер класс түрінде қөрсетіп, ауқымды ем шараларын жасап көрсетуде.Кафедраның магистр  оқытушысы Ш.Абдукадиров  07.11.2019-08.08.2020 жылдары Түркия мемлекетіне Анкара қаласының GAZI университетіне біліктілігін арттырып келді.

Студенттер жетістігі

Студенттеріміз ұтқырлық бойынша Түркияға барып  білімдерін алмасып отырады. Алыс жақын шет елдерде, Қазақстанның түкпір түкпірінде болып жатқан түрлі конференцияларға, білім сайыстарына,мастер кластарға  қатысып, жүлделі орындар, мақтау қағаздарымен марапатталып өз білімдерімен көзге түсіп отырады.
Жоғарғы курс студенттері мектеп оқушыларымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Сау тіс денсаулық кепілі»«Тіс күтімі» атты түрлі  іс-шаралары ұйымдастырылып отырады. Іс-шараларға студенттер белсене қатысып ,оқушыларға ауыз қуысы гигиеналарын үйретеді .2022-2023оқу жылында Университет басшылығы қолдауымен, Әлеуметтік-жауапкершілік жобалары негізінде  «Күлімдеген жүздер!» «Риясыз күлкілер!» атты ауқымды іс-шара ұйымдастырылып кафедра оқытушыларымен, 4-5 курс студенттер қатысып,белсенділік танытты.