.png)
Мақсаты:
«Хирургиялық және балалар жасындағы стоматология» кафедрасының басты мақсаты – қазіргі заманғы талаптарға сай, жоғары білікті, кәсіби құзыреттілігі қалыптасқан, теориялық білімі мен тәжірибелік дағдылары жетілген, ғылыми-зерттеу жұмыстарын меңгерген, қоғам мен науқастардың сұранысын қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті дәрігер-стоматолог мамандарды даярлау.
Міндеттері:
- Студенттерге «Стоматология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес теориялық және клиникалық білімді сапалы түрде меңгерту;
- Хирургиялық стоматология, балалар стоматологиясы, ортодонтия, имплантология және жақ-бет аймағы хирургиясы салалары бойынша фантом кабинеттер мен клиникалық базаларда тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру;
- Оқу үдерісінде заманауи симуляциялық құрал-жабдықтарды, инновациялық оқыту технологияларын және интерактивті әдістерді кеңінен қолдану;
- Оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және білім беру сапасын арттыру бағытында үздіксіз жаңарту жұмыстарын жүргізу;
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, студенттер мен оқытушыларды ғылыми ізденіске тарту, ғылыми мақалалар мен баяндамалар жариялау арқылы кафедраның ғылыми әлеуетін арттыру;
- Тәрбиелік жұмыстар жүргізу арқылы студенттердің кәсіби этикасын, патриоттық рухын және жауапкершілігін қалыптастыру;
- Кафедра оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру, үздіксіз білім беру және халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін пайдалану арқылы кафедра қызметінің сапасын жетілдіру.
«Тіс морфологиясы және физиологиясы» пәні
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы тәжірибе
Сабақ кестесі 