shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және Жалпы ақпарат

        12.11.2016 жылғы Өкілетті Кеңестің 53-ші мәжілісінде талқыланып, Университет Сенатының 29.08.2016ж. 1-ші мәжілісінде қабылданған шешімдер нәтижесінде 2017-2018 оқу жылынан бастап университетте Стоматология факультеті ашылып, оның құрамына Терапиялық және ортопедиялық стоматология, Хирургиялық және балалар жасындағы стоматология , Зертханалық пәндер, Адам патологиясы кафедралары ашылды. Хирургиялық және балалар жасындағы стоматология кафедрасының меңгерушісі болып м.ғ.к. Ф.Т.Темуров тағайындалды.

         Хирургиялық және балалар жасындағы стоматология кафедрасы болашақ дәрігер-стоматолог мамандарды дайындауда қажетті теориялық және клиникалық пәндер бойынша білім береді. Кафедрада 6В10156-Стоматология білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге арнайы жабдықталған фантом кабинеттерде және клиникалық базаларда келесі пәндерден сабақ жүргізіледі: "Ауыз қуысының гигиенасы", "Стоматология анестезиясы", "Стоматологиялық аурулардың алдын алу", "Балалар стоматологиясы 1", "Ортодонтия және балалар протездері", "Балалар стоматологиясы", "Ауыз қуысының хирургиясы", "Стоматологиядағы радиологиялық диагностика", "Ауыз, тіс және жақ аурулары", "Стоматология анестезиясы", "Жалпы ауыз қуысы денсаулығы", "Клиникалық ортодонтия негіздері", "Имплантология" және "Жақ, бет хирургиясы".

    Қазіргі таңда кафедраны PhD, аға оқытушы Нұрдинов Нұрсұлтан Сейсенбайұлы басқарып отыр. 

   Білім беру бағдарламаларын және әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие бағыттары бойынша жұмыстарды жүзеге асыру үшін кафедрада 13,25 штат бірлігінде 13 оқытушы-профессорлар жұмыс істейді. Оның ішінде: 1 профессор, 2 медицина ғылымдарының кандидаты, 3 аға оқытушы, 6 магистр оқытушылар және 1 оқытушы қызмет атқарады. Міндетті және таңдау компоненттері бойынша кафедра оқытушылары пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін құрастырып, қазіргі заманғы технологиялар мен инновациялық оқыту әдістерін қоданып, сабақтарды жүргізуде.