shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және Жалпы ақпарат

12.11.2016 жылғы Өкілетті Кеңестің 53-ші мәжілісінде талқыланып, Университет Сенатының 29.08.2016ж. 1-ші мәжілісінде қабылданған шешімдер нәтижесінде 2017-2018 оқу жылынан бастап университетте Стоматология факультеті ашылып, оның құрамына Терапиялық және ортопедиялық стоматология, Хирургиялық және балалар жасындағы стоматология , Зертханалық пәндер,Адам патологиясы кафедралары ашылды. Хирургиялық және балалар жасындағы стоматология кафедрасының меңгерушісі болып м.ғ.к. Ф.Темуров тағайындалды.

Хирургиялық және балалар жасындағы стоматологиякафедрасы  болашақ дәрігер-стоматолог  мамандарды дайындауда қажетті теориялық және клиникалық пәндер бойынша білім береді. Кафедрада 6В10156-Стоматология білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге арнайы жабдықталған фантом кабинеттерде және клиникалық базаларда  келесі пәндерден сабақ жүргізіледі: «Хирургиялық стоматология», «Балалар стоматологиясы»,« Имплантология», «Жас балалардың жақ-бет хирургиясының ерекшеліктері», «Хирургиялық стоматологиядағы дәлелді медицина», «Стоматологиядағы радиологиялық диагностика», «Хирургиялық стоматология пропедевтикасы», «Стоматология анестезиясы », «Ортодонтия» «Клиникалық ортодонтия» «Ортодонтия және балалар протезі»

Қазіргі таңда кафедраны Кожамбекова Эльмира Асанбайқызы басқарып отыр. 15,75штат бірлігінде , 15 оқытушы: 1 медицина  кандидаты,1 доцент ,1 PhD,4 аға оқытушылар мен магистранттар бар.