Білімгер
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңесінің 24.02.2024 жылғы 76-мәжілісінің 15.1, 15.2, 15.3 шешімдерін орындау мақсатындағы университеттің 28.03.2024 жылғы №1/400 «Кафедраларды біріктіру, атауын өзгерту, мамандықтарды кафедраларға ауыстыру туралы» бұйрығына сәйкес 2024-2025 оқу жылынан бастап Стоматология факультетіне қарасты «Адам патологиясы» және «Зертханалық пәндер» кафедралары біріктіріліп, атауы «Фундаментальды медициналық ғылымдар» кафедрасы болып бекітілді.
Фундаментальды медициналық ғылымдар кафедрасы болашақ дәрігер-стоматолог мамандарды дайындауда қажетті фундаментальды және клиникалық пәндерден теориялық білім береді. 6В10189-Стоматология, 6В10156-Стоматология білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге арнайы жабдықталған кабинеттерде және клиникалық базаларда келесі пәндерден дәрістер жүргізеді: Модуль-Тіршілік негіздері-1, Модуль-Тіршілік негіздері-2, Модуль-Морфология және физиология-1, Модуль-Морфология және физиология-2, Модуль-Клиникаға кіріспе және коммуникативті дағдылар, Модуль - Эпидемиология және биостатистика, Ғылыми зерттеулерге кіріспе, Микробиология, Биологиялық химия, Жалпы патология, Фармакология, Жалпы хирургия, Оториноларингология негіздері, Зерттеу әдістері және презентация, Жедел жәрдем негіздері, Ішкі аурулар негіздері, Сот медицинасы және дәрігерлік құқық, Неврология, Психиатрия, Инфектология.
Білім беру бағдарламасы
Білімгер
Жұмыспен қамтылған
ОПҚ
Ахмет Ясауи Университеті