shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

Кафедрада өзінің ғылыми бағыты қалыптасты, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті мәселелерін шешу үшін ғылыми негіз және әлеует бар. 

Кафедраның магистрі, аға оқытушы А.С.Набиев 07.11.2019-08.08.2020 жылдары Түркия Республикасы, Анкара қаласы, Гази университетінде Эндодонтия және реставрация бағыты бойынша біліктілігін арттырып келді.

2023-2024 оқу жылында академиялық ұтқырлық, визитинг профессор бағдарламалары аясында Ташкент мемлекеттік стоматология институтынан, Андижан мемлекеттік медицина институтынан, Самарканд мемлекеттік медицина институтынан, Бухара мемлекеттік медицина институтынан профессор-оқытушылар келіп дәріс берді.

Студенттеріміздің жетістіктері

«Стоматология» БББ-ның 3 курс студенттері Орхун, Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша Түркия Республикасының жетекші Гази, Эрджиес, Чукурова, Кахраманмараш Сүтчү Имам, Газиантеп, Эге, Афьон-Карахисар денсаулық білімдері университеттерінде білім алып келді.

ХХХІІ ғылыми-теориялық конференциясына студенттер қатысып, жүлделі орын алды.

Студенттеріміз ұтқырлық бойынша Түркияға барып білімдерін алмасып отырады. Алыс жақын шет елдерде, Қазақстанның түкпір түкпірінде болып жатқан түрлі конференцияларға, білім сайыстарына,мастер кластарға  қатысып, жүлделі орындар, мақтау қағаздарымен марапатталып өз білімдерімен көзге түсіп отырады.

Жоғарғы курс студенттері мектеп оқушыларымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Сау тіс денсаулық кепілі», «Тіс күтімі» атты түрлі іс-шаралары ұйымдастырылып отырады. Іс-шараларға студенттер белсене қатысып, оқушыларға ауыз қуысы гигиеналарын үйретеді. 2022-2023 оқу жылында Университет басшылығы қолдауымен, Әлеуметтік-жауапкершілік жобалары негізінде «Күлімдеген жүздер!», «Риясыз күлкілер!» атты ауқымды іс-шара ұйымдастырылып кафедра оқытушыларымен, 4-5 курс студенттер қатысып, белсенділік танытты. Сонымен қатар, Өзбекстан Респуликасы Ташкент мемлекеттік стоматология институтында 25.10. 2024ж. өткілген Стоматология ЖОО студенттерінің “Central Asia Dental Forum & Olympiad” атты Халықаралық олимпиадасында 5-курс студенттері Қалықұл Рауан 1-орынға, Кан Владислав 1-орынға, 2 курс студенті Өтеген Медеу 3 орынға ие болды. С.Ж Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде өткен Стоматология факультеті 65 жылдығына орай 2 курс білім алушылары арасында “Алға бір қадам” кәсіби шеберлігінде 2 курс студенті Өтеген Медеу 2 ие болды.