Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері
Кафедрада өзінің ғылыми бағыты қалыптасты, өңірдің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуының өзекті мәселелерін шешу үшін ғылыми негіз және әлеует бар.
Кафедра оқытушылары «Метаболизмдік синдромы бар науқастардың тіс денсаулығына генетикалық маркерлердің, иммундық статустың және минералды алмасудың әсері» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының орындаушылары.
Кафедра қауымдастырылған профессоры Нұргүл Жолдасованың 2025-2026 оқу жылында Q1 рейтингті журналда «TyG–BMI as a Marker of Metabolic Status and Its Association with Bone Quality and Mineral Metabolism: A Sex-Specific Analysis» атты және Q2 рейтингті журналдарда «Metabolic syndrome in reproductive age: A cross-sectional study», «Countering Pharmaceutical Fraud: Analyzing Pharmacist Competence and Policy Interventions in Falsified Medicines in Shymkent» атты мақалалары жарық көрді.
Кафедра аға оқытушысы А.С.Набиевтің Q2 рейтингті журналда «Data-Driven Clinical Phenotyping of Adult Epilepsy Using Latent Class Analysis: A Regional Cohort Study from Southern Kazakhstan» атты мақаласы жарияланды.
Кафедра оқытушылары Б.Рүстемов, С.А.Файзиева, А.Т.Ускенбаеваның мақаласы ҚР ҒжЖБМ ҒжЖБСҚК ұсынған отандық ғылыми басылымда «The role of intraoperative navigation and fluorescence imaging in contemporary cancer surgery: a literature review» және «Endocrine disorders after oncosurgical interventions: a literature review» атты мақалалары жарық көрді.
2025-2026 оқу жылында кафедраға «Академиялық ұтқырлық», «Визитинг профессор» бағдарламалары аясында профессор-оқытушылар
Ташкент мемлекеттік медицина университетінен, Андижан мемлекеттік медицина институтынан, Самарканд мемлекеттік медицина институтынан, Бухара мемлекеттік медицина институтынан 60 профессор оқытушылар келіп дәріс оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізіп, шебер сағаттарын өткізді. Кафедраның оқытушылаоы Ташкент мемлекеттік медицина университетіне, Самарканд мемлекеттік медицина институттарына, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына барып, тәжірибе алмасып келді.
Білімгерлеріміздің жетістіктері
«Стоматология» БББ-ның студенттері Орхун, Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша Түркия Республикасының жетекші Гази, Эрджиес, Афьон-Карахисар денсаулық білімдері университеттерінде білім алып келді.
Алыс жақын шет елдерде, Қазақстанның түкпір түкпірінде болып жатқан түрлі конференцияларға, білім сайыстарына,мастер кластарға қатысып, жүлделі орындар, мақтау қағаздарымен марапатталып өз білімдерімен көзге түсіп отырады.
20-22 қараша, 2025 жылы Астана қаласында өткен «Стоматология ЖОО студенттерінің Республикалық олимпиадасында Исаков Тимур ІІІ орын, Ходжаев Бабахан ІІ орын алды.
05-06 желтоқсан 2025 жылы Өзбекстан Республикасы, Самарканд қаласында «Медицина ЖОО студенттерінің «Самарканд-2020» атты VI Халықаралық олимпиадасында» Муратов Саидамир II дәрежелі дипломды, Исрайл Диана ІІ дәрежелі дипломды, Меирбек Жанизет ІІІ дәрежелі дипломды иеленді.
26 наурыз 2026 жылы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы “DentArt – 2025” Халықаралық олимпиадасында Өтебай Жаңабай Сәкенұлы I дәрежелі дипломмен марапатталды.
4-5 мамыр 2026 жылв Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы "MEGAMaster" Халықаралық олимпиадасында Юнусалиева Дияра IІ дәрежелі дипломмен, Бахтияр Али ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды
7-8 мамыр 2026 жылы Өзбекстан Республикасы, Андижан қаласы "Андижан-2025" Халықаралық олимпиадасында Исрайл Диана Дуйсенбайкызы ІI дәрежелі дипломға, Меирбек Жанизет Ильясбекулы ІІІ дәрежелі дипломға, Ескараева Жанерке Нұрланқызы ІІІ дәрежелі дипломға қол жеткізді.
10 сәуір, 2026 жылы Алматы қаласы «Алға бір қадам» / «Step Forward» атты ортопедиялық стоматология бойынша халықаралық кәсіби шеберлік олимпиадасында Таштемиров Санжар Сархановичь ІІ орын алды.
26 наурыз 2026 жылы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы «Будущее стоматологии: молодые исследователи, инновации и ИИ-решения в клинической практике» атты Халықаралық конференциясында Жаксылық Дамир Аділетұлы І дәрежелі дипломмен, Таштемиров Санжар Сархановичь ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сабақ кестесі
«Тіс морфологиясы және физиологиясы» пәні
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы тәжірибе 