Халықаралық туризм күніне арналған халықаралық семинар
Халықаралық туризм күніне арналған халықаралық семинар
Бүгін Экономика және басқару факультеті, Менеджмент және туризм кафедрасында Ph.D қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы А. Кенжебаеваның ұйымдастыруымен «27-қыркүйек – Халықаралық туризм күніне» орай «Қазақстанда тұрақты туризмді дамытудың мүмкіндіктері мен кедергілері» атты халықаралық семинар өтті.
Іс-шараны Экономика және басқару факультетінің деканы- Й. Узун және Менеджмент және туризм кафедрасының меңгерушісі, PhD аға оқытушы- А. Құралбаев ашып, құттықтау лебіздерін білдірді.
Менеджмент және Туризм кафедрасының профессоры, доктор- Кемал Кантаржы «Sürdürülebilirlik, çevre ve turizm: Kazakistan örneği» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.
Кафедра меңгерушісі, PhD аға оқытушы- Алмас Құралбаев «Туризмдегі жобалар» тақырыбында баяндама ұсынды.
Семинар барысында Ғылым департаментінің директоры, PhD аға оқытушы- Х. Масадиков құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстандағы ғылым мен туризмнің өзара байланысы туралы пікірін білдірді.
Аталмыш семинарда болашақ туризм мамандары Қазақстандағы қазіргі туризм әлеуетін талқылап, сұрақ-жауап алаңында пікір алмасты. Жиын соңында туризмді дамытуға қатысты ұсыныстар айтылып, семинарды ұйымдастырушы Ph.D қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы А. Кенжебаева қорытындылады.
✨ Бұл семинар студенттердің кәсіби білімін арттырып қана қоймай, туризмнің заманауи мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Осы орайда, барлық туризм мамандығының студенттері мен оқытушыларын Халықаралық туризм күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге білімде табыс, шығармашылық серпін және болашақ кәсіби жолдарыңызда сәттілік тілейміз!