shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» Мемлекеттік мекемесімен кездесу өтті

«Экономика, қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен кәсіби тәжірибе алмасу және аудит саласының маңыздылығын арттыру мақсатында «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» Мемлекеттік мекемесімен кездесу өтті. Кездесу барысында мекеме төрағасы Тапеев Ғалымжан Серікбайұлы, аппарат басшысы Жанабай Абзал Мұханұлы, «Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету» бөлімінің басшысы Жолдасбеков Ербол Акимбекович білімгерлерге аудиттің теориялық және практикалық аспектілерін тереңірек түсіндіріп, пікір алмасты. Білімгерлер арасынан сұрақтар қойылып, пайдалы ақпараттар алды. 
Сонымен қатар Есеп және аудит және Қаржы мамандықтарын өндірістік практика қабылдайтындары туралы ақпарат берді.