Тарих және жалпы ақпарат
.png)
«Халықаралық қатынастар» кафедрасының тарихы
«Халықаралық қатынастар» кафедрасы 1998 жылы Заң факультетінің құрамында ашылып, Университет Сенатының шешімі бойынша 1999 жылы Экономика факультетінің құрамына ауыстырылды. 2003-2004 оқу жылында Ректораттың бұйрығымен (26.08.2003 ж. №2/228) Халықаралық қатынастар факультетінің құрылуына орай, «Халықаралық қатынастар» кафедрасы Экономика факультетінен бөлініп, аталған факультеттің негізгі кафедрасы ретінде қызметін жалғастырды. 2006-2007 оқу жылында кафедра Экономика және заң факультетінің құрамына еніп, атауы «Мемлекеттік құқықтық пәндер және халықаралық қатынастар» болып өзгертілді. 2008-2009 оқу жылында «Халықаралық қатынастар» мамандығы жаңадан құрылған Заң факультетінің құрамына өтіп, халықаралық қатынастар мамандарын даярлау жұмыстарын жалғастырды. 2014-2015 оқу жылында кафедра Әлеуметтік ғылымдар факультетінің құрамында қайта жеке кафедра ретінде құрылды. 2021-2022 оқу жылында жаңадан ашылған Экономика, басқару және құқық факультетінің құрамына еніп, кафедра атауы «Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар» болып өзгертілді. Ал 2023-2024 оқу жылынан бастап кафедраның атауы қайтадан «Халықаралық қатынастар» болып өзгертілді.
Қазіргі таңда кафедра бакалавриат деңгейінде «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша, ал магистратура деңгейінде «Халықаралық қатынастар» және «Саясаттану» білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандар даярлауды жүзеге асыруда. Бұл бағдарламалар заманауи білім беру стандарттары мен нарық талаптарына толықтай сай әзірленіп, кәсіби білім мен құзыреттілікті терең игерген, бәсекеге қабілетті түлектер дайындауға бағытталған.
Кафедраның ғылыми әлеуетінің пайыздық көрсеткіші – 70,59%. Оның ішінде 3 ғылым кандидаты, 9 PhD докторы және 5 магистр қызмет атқарады.
Кафедрада «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша 236 студент, «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша 1 магистрант және «Саясаттану» білім беру бағдарламасы бойынша 5 магистрант білім алуда.
Кафедраның миссиясы:
Халықаралық қатынастар және саясаттану саласында іргелі әрі қолданбалы ғылымға негізделген сапалы, заманауи және бәсекеге қабілетті білім беру арқылы республикалық білім беру нарығында көшбасшы болу. Қазіргі жаһандану жағдайында шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, сараптау және талдау дағдылары жан-жақты дамыған, кәсіби біліктілігі терең қалыптасқан, халықаралық стандарттарға сай мамандар даярлау.
Кафедраның міндеттері:
Сыртқы саясат, халықаралық қатынастар, саясаттану және дипломатия саласында жүйелі базалық білімі бар, аналитикалық ойлау қабілеті мен тәжірибелік дағдыларды жетік меңгерген, іскерлік және мәдениетаралық коммуникацияларға қабілетті, өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге бейім, жаһандық өзгерістер мен заманауи талаптарға жылдам бейімделе алатын жоғары білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Кафедраның байланыс ақпараты
Адрес: Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29, 1-корпус, 428 кабинет
Телефон: +7 725 336 36 36 (ішкі нөмірі 10-98)
Электрондық пошта: halykaralyk.katynastar@ayu.edu.kz
Кафедра меңгерушісі:
Анламасова Макпал Касымхановна Ph.D., қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы
Телефон: +7 725 336 36 36 (ішкі нөмірі 10-75)
Электрондық пошта: makpal.anlamassova@ayu.edu.kz
Кабинет: 430
Аға лаборант:
Данышбаева Акманар Жарасбаевна магистр
Телефон: +7 725 336 36 36 (ішкі нөмірі 10-98)
Электрондық пошта: akmanar.danyshbayeva@ayu.edu.kz
Кабинет: 428
Біріккен ұлттар ұйымының 80 жылдығы және Түркияның БҰҰ жүйесіндегі орны
Азаматқа қызмет ету:бір кәсіби маманнын біріккен ұлттар ұйымындағы жолы
Халықаралық көші-қон үдерісі
Сабақ кестесі
Таяу шығыстағы соңғы оқиғалар аясында ирактың геосаяси маңызы 