Началась ХХYІІ спартакиада преподавателей и сотрудников

11 қаңтар күні Ахмет Ясауи университетінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолдау мақсатында, оқу орын Спорт клубының ұйымдастыруымен оқытушы-профессорлар мен қызметкерлер арасындағы ХХVІІ қысқы факультетаралық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

Спартакиаданың мақсаты – оқытушы-профессорлар мен қызметкерлерге салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, спорт түрлері бойынша ОПҚ арасында университет құрама командасын жасақтау.
Қаңтар айының соңына дейін жалғасатын сайысқа 10 команда қатысып, 11 спорт түрі бойынша бақ сынасады. Командалар кіші футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, баскетбол, арқан тарту, қол күресі, жүзу, стол теннисі, эстафеталық ойын түрлерінен университет кубогын сарапқа салатын болады.

Фото:Н.Искаков,

Ақпарат орталығы