• image image image image
  • shape
    shape

    Бағдарламалар

    Ахмет Ясауи университеті / Ғылыми жұмыстар / 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары

    AP23488947 - Күн энергетикасы саласында STEM жобаларды іске асыру негізінде студенттердің зерттеушілік және инженерлік іс-әрекеттерін дамыту

    Course Image Ахмет Ясауи университеті Ғылыми жұмыстар

     

    Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.

     

    Жоба жетекшісі – Курбанбеков Бакытжан Алимханович, PhD, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы.

     

    Идентификаторлар:

    Жобаның зерттеу тобы

    Аты-жөні

    Жоба бойынша лауазымы

    Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері

    1

    Курбанбеков Бакытжан Алимханович

    Жоба жетекшісі, Аға ғылыми қызметкер

    Хирш индексі h=4

    Researcher ID: ISH-4941-2023

    https://orcid.org/0000-0003-0868-6396

    Scopus Author ID: 57126269200 

    2

    Раманкулов Шерзод

    Жумадуллаевич 

    Жетекші ғылыми қызметкер 

    Хирш индексі h=9

    Researcher ID: ADB-9983-2022

    https://orcid.org/0000-0002-4786-942X

    Scopus Author ID: 57195064454

    3

    Naci Genc

    Жетекші ғылыми қызметкер 

    Хирш индексі h=16

    Researcher ID: AAE-3477-2019 https://orcid.org/0000-0001-5673-1708

    Scopus Author ID: 23481908900 

    4

    Ali Çoruh

    Аға ғылыми қызметкер 

    Хирш индексі h=15

    https://orcid.org/ 0000-0002-7362-6173 

    Scopus Author ID:  24460990900

    5

    Келесбаев Кажымукан Нурмаханбетович 

    Ғылыми қызметкер

    Хирш индексі h=1

    Scopus Author ID: 59299905000

    https://orcid.org/0009-0008-9605-7138

    6

    Жақсылық Нұрқожа 

    Кіші ғылыми қызметкер 

    https://orcid.org/0000-0001-9310-6004

    7

    Паттаев Амин

    Ғылыми қызметкер

    Хирш индексі h=1

    https://orcid.org/0009-0007-8829-5315

    Scopus Author ID: 57200791860 

    8

    Каримжанов Яхё

    Кіші ғылыми қызметкер

    https://orcid.org/0009-0009-7867-5116

    9

    Бабахан Шахрух 

    Ғылыми қызметкер

    Индекс Хирша – 1

    ORCID - 0000-0002-7723-0045

    Scopus Author ID -57687150900   

     

    Жобаның аңдатпасы

    Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес әлемде және біздің елімізде жоғары білім беру жүйесін реформалау, материалдық-техникалық базаны жаңғырту, жаратылыстану және инженерлік білім беру үдерісінің мазмұнын жақсарту, атап айтқанда, күн энергетика саласы бойынша студенттердің зерттеушілік-инженерлік іс-әрекеттерін дамыту арқылы оқыту жүйесін жетілдіру мәселелері өзекті болып саналады. Жаратылыстану және инженерия біліміндегі тенденциялар ғылымды күнделікті өмірмен байланыстыруды, баламалы энергетика, күн энергетикасы бойынша STEM жобалардың жаңа буындарын құруды, зерттеушілік сипаттағы бағдарламалық, ғылыми-әдістемелік, конструкциялық өнімдерді кеңінен пайдалануды көздейді. Пәнаралық сипаттағы ұсынылған жобаның идеясы – STEM жобаларды -энергетикалық білім беру үшін қолдануға болатын жаңа тәсіл ретінде қарап, күн энергиясы негізіндегі STEM білім беруде студенттердің зерттеушілік және инженерлік іс-әрекеттеріне әсерін зерттеу болып табылады. Күтілетін нәтижелер студенттердің зертетушілік және инженерлік іс-әрекеттерін дамыту арқылы күн энергиясын пайдалану шаралары, мүдделі тараптарға инвестициядан жоғары қайтарымды қамтамасыз ету мүмкіндіктері, елімізде егіншілік саласында күн электр нысандарын пайдаланудың маңыздылығы, энергия алшақтығын азайту бойынша білім беруде бірқатар әрекеттер мен ұсыныстар жасауға алып келеді. Зерттеу нәтижелерінің өнім екендігін ескерсек, оларды комерцияландыру мүмкіндігі жоғары болып табылады.

    Мақсаты:

    Күн энергетикасы саласында инженерия және жаратылыстану ғылымдары студенттерінің зерттеушілік және инженерлік іс-әрекеттерін дамытудың әдістемелік жүйесін жасау; күн энергетикасын пайдалануға арналған STEM модулін, өнімдерін жобалау және әзірлеу; күн электр қондырғыларын әзірлеу және егіншілік алқабтарда қолдану арқылы студенттердің өндірістік практика орнын жасақтау; әдістемелік жүйенің тиімділігін педагогикалық экспериментте тексеру.

     

    Жобадан күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:

     

    Жылы

    Зерттеу бойынша алынған нәтижелері.

    Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат

    202жыл

    WOS, Scopus, Dimensions және Google Scholar  базалары бойынша STEM білім беру саласындағы жоғары рейтингті рецензияланатын журналдардағы мақалаларға мета-талдау жасау арқылы жаратылыстану және инженерия саласында STEM білім берудің қазіргі жағдайы айқындалды. Бұл міндет бойынша зерттеу жаратылыстану және инженерия салаларында STEM білім берудің қазіргі жағдайына баға бере отырып, оның артықшылықтары мен қиындықтарын анықтауға бағытталды. Жаратылыстану ғылымдары мен инженерия саласындағы STEM білім беру білім алушылардың аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыта отырып, оларды ғылыми-техникалық мамандықтарға қызығушылығын, қазіргі заманда ғылым мен технологияның қарқынды түрде дамуы, жаһандық мәселелердің шешімін табу және экономикалық инновацияларды енгізу қажеттілігі STEM білім берудің өзектілігін арттырады. STEM білім берудің құрылымын, оқыту әдістерін,  білім алушылардың жетістіктерін және STEM білім берудің әлеуметтік-экономикалық әсерлерін бағалау негізгі мақсат ретінде қарастырылды. Кешенді зерттеу әдістері STEM білімге негізделген зерттеушілік және инженерлік іс-әрекеттің қызметтік-құрылымдық моделін әзірлеуге мүмкіндік берді.

    Халықаралық конференция материалдарында 1 мақала жарық көрді.

    1. B.Kurbanbekov Ş.Ramankulov A.Çoruh., N.Mussakhan. The Current State Of Stem Education In The Fields Of Natural Sciences And Engineering. 4. International Selçuk scientific research and innovation congress. Konya, Turkiye, 2024. – p.296-312.

    https://www.isarconference.org/_files/ugd/6dc816_7881125311674415b4522e88d16d9ac9.pdf

    STEM жобалар негізінде оқытудың қазіргі таңда білім беру саласында маңыздылығы арта түсуде. Сондықтан, STEM жобалар негізінде оқытудың мазмұны мен зерттеушілік-инженерлік іс-әрекетті дамытудың теориялық аспектілерін анықтау өзекті болып табылады. Бұл міндетті іске асыру барысындағы зерттеулер STEM оқытудағы зерттеушілік-инженерлік іс-әрекетті дамытудың  қағидалары мен кезеңдерін, сондай-ақ, қызметтік-құрылымдық моделмен, дидактикалық шарттарды айқындауға мүмкіндік берді. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге «PRISMA Statement» әдісі негізінде шолу жасау арқылы STEM жобалар мен  зерттеушілік және инженерлік іс-әрекеттің көрсеткіштерінің дамуы арасындағы байланыс орнатылды. Зерттеу нәтижелері STEM жобалар негізінде оқытудың зерттеушілік-инженерлік іс-әрекетті дамыту бойынша теориялық аспектілерін көрсетті. Бұл зерттеу STEM жобаларының оқу сапасын арттырудағы тиімділігін, білім алушылардың зерттеу дағдылары мен инженерлік ойлау қабілеттерін дамытудағы рөлін көрсетеді. Сонымен қатар, STEM жобаларының білім беру жүйесіндегі орны мен олардың практикалық қолданылуының нәтижелері ұсынылды. Зерттеудің нәтижелері білім беру саласында STEM жобаларын тиімді түрде енгізу үшін практикалық ұсыныстар мен әдістемелерді ұсынуға мүмкіндік берді.   STEM жобаларды іске асырудың қағидалары, зерттеушілік-инженерлік іс-әрекетті дамытудың кезеңдері мен жалпы педагогикалық жағдаяттары тұжырымдалды.

    Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалында 1 мақала жарық көрді:

    1. Kurbanbekov B, Babakhan Sh, Karimzhanov Y, Zhaksylyk N. The   potential  of  stem-based   disciplines  in  the   development  of  research   and  engineering activities. X International scientific conference. Beijing. China, 2024. -p.42-48

    https://www.sconferences.com/wp-content/uploads/2024/08/Beijing.China-10.pdf

    Қазіргі әлемде технологиялар мен ғылымның қарқынды дамуы байқалады, бұл жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия және математика (STEM) саласында жоғары білікті мамандарды даярлауды талап етеді. Ең өзекті тақырыптардың бірі жаңартылатын энергия көздерін, атап айтқанда, күн энергиясын дамыту болып табылады. Күн энергетикасы тұрақты даму мақсаттарына жету үшін маңызды бағытты ғана емес, сонымен қатар, әртүрлі STEM салаларындағы білімді біріктірудің бірегей мүмкіндігін ұсынады. Күн энергиясымен байланысты білім беру жобаларын іске асырудың әдістемелік тәсілдерін зерттеу және әзірлеу, зерттеу барысында күн көзіне бағытталған күн панельдері арқылы энергия өндіретін қондырғы құруға, бұл жаңартылатын энергетика саласында STEM әдістерінің практикалық қолданылуына мүмкіндік берді. Пәнаралық білімді интеграциялау, заманауи технологияларды қолдану және жобаға бағытталған оқыту сияқты негізгі әдістемелік ерекшеліктер айқындалды. Эксперименталдық қондырғыны жасау процесінде STEM жобаларын сәтті енгізу теориялық және практикалық аспектілерді біріктіруді, сондай-ақ, модельдеу мен модельдеуге арналған цифрлық құралдарды белсенді қолдануды қажет ететіні анықталды. Бұл міндетке сәйкес зерттеу нәтижелері білім беру тәжірибесіндегі жобалық тәсілдің маңыздылығын көрсетті және STEM компоненттерінің интеграциясы күн энергетикасы саласындағы инновациялық шешімдерді дамытуға және болашақ мамандарды даярлауға қалай ықпал ететінін көрсетті. Күн энергетикасы саласында STEM жобаларды іске асырудың қажеттілігі мен әдістемелік ерекшеліктері айқындалды. Зерттеу барысында жоғары рейтингті журналдарда жарияланған мақалаларға кілт сөздері арқылы жүйелік талдау әдістері, зерттеудегі конструктивтік әдістері, модельдеу әдістері арқылы инженерия және жаратылыстану саласындағы білім алушылардың күн энергетикасы бойынша зерттеушілік-инженерлік іс-әрекеттерінің дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сабақтас пәндер анықталды.

    Халықаралық конференция материалдарында 1 мақала жарық көрді:

    1. K.Kelesbayev, A.Pattaev, S.Polatuly, Sh.Ramankulov. Necessity and methodological peculiarities of STEM projects implementation in the solar energy sector. 12th International Mardin Artuklu scientific researches conference. Mardin, Turkiye, 2024. – p.336-343.

    https://www.artuklukongresi.org/_files/ugd/614b1f_d441bcfdc4994b60b4b87f65584e80ce.pdf

    2025 жыл

    Бұл міндет шеңберінде күн энергетикасы саласына бағытталған зерттеушілік-инженерлік іс-әрекетті дамытуға арналған әдістемелік жүйе моделі әзірленді. Бұл модель «В062-Электр техникасы және энергетика» және «В054-Физика» білім беру бағдарламаларының студенттеріне оқу үдерісіне ендіріліп, пилоттық зерттеулер іске асырылды. Аталған міндетке сәйкес зерттеу жұмыстары жалғастырылуда.

    Зерттеу нәтижелері бойынша:

    ҒЖБССҚК ұсынған отандық немесе шетелдік ғылыми басылымда 2 мақала жарық көрді:

    1. Ш. Раманкулов, Н. Генч. «Баламалы энергия жобаларындағы STEAM: кҥн энергиясы» курсын ағылшын тілінде оқытудың әдістемелік ерекшеліктері. Ясауи университетінің хабаршысы. – 2025. – №1 (135). – Б. 257–267. https://doi.org/10.47526/2025-1/2664-0686.161

    2. A.Akhanova, G.Ormanova, Sh. Ramankulov. The SТEAM CLIL project in education: an example of training students in engineering and technical fields. Bulletin of National Academy of sciences of the Republic of Kazakhstan. – 2025. - 2(414). P.50–62. https://doi.org/10.32014/2025.2518-1467.912

    ЖОО-да орталықтандырылған STEM зертхана құрылады. 3D-printing модельдеу әдісі, инженерлік-техникалық нысандарға арналған сандық дизайн әдістері арқылы пәнаралық сипаттағы STEM өнімдер әзірленеді. Бір оқу құралы және бір монография жарық көреді.  Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалында 1 мақала жарық көреді; ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда 1 мақала жарық көреді. Зияткерлік меншіктің 1 нысаны әзірленіп авторлық куәлік алынады;

    «Flow-map» әдісі білім алмасу тәжірибисін тиімді іске асыруға ықпал етеді, аталған міндеттің шешімі мектеп және университет деңгейіндегі білімді өнеркәсіпте қолдануға немесе өнімдерді тұтынушыларға жеткізуге дейінгі графикалық модел және педагогикалық эксперименттің нәтижелері арқылы расталады.   Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес)процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) мақала жарық көреді.

    Студенттердің зерттеушілік және инженерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық құралдар жиынтығы және материалдық-техникалық база жаңартылып, оқу-зерттеу үдерісінде кеңінен қолданылды. Әзірленген дидактикалық, материалдық-техникалық негіздегі STEM білім ресурстары студенттерге нақты зерттеу жобаларын орындауға, прототиптер жасауға, эксперимент жүргізуге және нәтижелерді талдауға мүмкіндік берді. Оқу-зерттеу үдерісінде бұл база оқу курстары, ғылыми үйірмелер аясында қолданылды. Күн энергетикасы саласындағы теориялық және эксперименттік білімдерді симуляциялау, студенттердің күн панелдері бойынша жасаған өнімдерін нарықтыққа ендірудің механизмін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

    Халықаралық конференция материалдарында 1 мақала жарық көрді:

    1. A. Coruh, N.Genc, Sh.Ramankulov, N.Zhaksylyk. Construction of a solar power plant it the university parking area: digital control and application in the stem education. Xalqora ilmiy-texnik konferensiya materiallarti. – Samarqand: SamDAQU nashri, 2025y. 308-312.

    Шетелдік басқа басылымда бір мақала жарық көрді:

    2. Zhaksylyk N, Pattaev A,  Ramankulov Sh, Karimzhanov Y. STEM-Based Solutions for Advancing the Energy Sector: Opportunities, Challenges, and Future Directions. International scientific journal «science and innovation» special issue: green energy and economics, 2025. P678-683. https://doi.org/10.5281/zenodo.15427352

    2026 жыл

    Нәтижесі, студенттерге пәндер аясында күн энергия көзін пайдалану жағдайларын, мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес энергетикалық олқылықтарды азайту мәселелерін, еңбек нарығы мен бизнесте STEM жобаларды тиімді қолдану мүмкіндіктерін үйретумен сипатталады. STEM problem based learning әдісі негізінде студенттерді зерттеушілік-инженерлік қызметке даярлау ағыдмағы міндеттің шеішімінің көрсеткіші болады.  ҒЖБССҚК ұсынған отандық немесе шетелдік ғылыми басылымда 1 мақала жарық көреді.

    Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «В062-Электр техникасы және энергетика», «В054-Физика» білім беру бағдарламасының топтарындағы студенттердің күн энергетикасы саласындағы зерттеушілік-инженерлік іс-әрекеттерін бағалау бойынша педагогикалық эксперимент өтеді. Жинақталған деректер SPSS бағдарламасы арқылы математикалық-статистикалық талдаулардан өткізіліп, нәтижелер дәлелденеді. Science Citation Index Expanded индекстелетін және Web of Science базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші) немесе 2 (екінші) квартильге және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 1 (бір) мақала жарияланады. 1 монография жарық көреді. 1 оқу құралы жарық көреді.