Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Диплом табыстау рәсіміне келген қонақ-түлектеріміз студенттермен таңғы аста бас қосты

Бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсіміне арнайы қонақ ретінде келген  түлектеріміз -құқықтану мамандығының 1996 жылғы түлегі, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы  Көлбаева Айжан ханым мен актерлік өнер мамандығының 2004 жылғы түлегі, Түркия Республикасы, Стамбул қаласындағы AcademyUs Art and Education және Kam-Us баспасының құрылтайшысы әрі көркемдік жетекшісі Айдемир Гүлтекинмен белсенді студенттер университетіміздің “Яссы” қонақ үйінде таңғы аста бас қосты. 

Кездесу барысында студенттер өзара пікір алмасып, түлектерімізге деген сұрақтарын қойып, дастархан басында еркін сұқбат көрініс тапты. Бүгінде лауазымды тұлғаға айналған түлектеріміз студенттік жылдардағы қызықты сәттерімен, жұмыс барысында кездесетін қиын да қызықты кезеңдерімен, жиған тәжірибелерімен бөлісіп, бес минуты кем маман иелеріне сәттілік пен ақ жол тілеп тарқасты. Бес минуты кем заңгерлердің алдыңғы толқын аға-әпкелеріне қойған сұрақтары мен қызығушылықтары көп болды.