Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы жарлыққа қол қойды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы жарлыққа қол қойды.
Оқу ордамыздың түлегі, ҚР Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Азимова Конституциялық реформа жөніндегі комиссиясына төрғалық етеді.
Эльвира Азимова – университетімізді «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған, 1996 жылғы түлегіміз. Еңбек жолын ҚР Әділет министрлігінде бастап, ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы қызметіне дейін көтерілді.
Түлегіміз төрағалық ететін жаңа органның негізгі мақсаты — елдің негізгі заңына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу. Ереже талаптарына сай, комиссия Президенттің жанынан құрылған және оның қызметі жай формалды талқылаумен шектелмейді. Жұмыс барысында мемлекеттік билік өкілдерімен қатар өңірлер, азаматтық қоғам институттары, бұқаралық ақпарат құралдары мен ғылыми орта өкілдері кеңінен тартылып, терең әрі кешенді сараптамалық талқылаулар жүргізіледі.
Аталған комиссия консультативтік-кеңесші орган мәртебесіне ие болып, өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, қолданыстағы заңнамаларды, Президент пен Үкіметтің нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ бекітілген ішкі регламентін басшылыққа алады.
Айта кетейік, комиссия құрамында Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов те бар. Жалпы құрамға 120-дан астам мүше енген. Олардың қатарында Ұлттық құрылтай мүшелері, білікті заңгерлер, бизнес қауымдастық өкілдері, депутаттар мен түрлі сала сарапшылары, сондай-ақ қоғамқайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері бар.
Түлегіміз Эльвира Әбілхасымқызын осы жауапты,әрі мәртебелі қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, мемлекет пен қоғам мүддесі жолындағы қызметіне толағай табыс, әділ шешімдер мен ел сенімін ақтайтын абыройлы жол тілейміз! Біздің түлек – біздің мақтаныш!
Ақпарат орталығы
" YAZAR VE EDEBİ GELENEK " TEMASI ÇERÇEVESİNDE MANEVİ BİR TOPLANTI YAPILACAK
30 қыркүйек Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ, асық атудан Түркістан облыстық Әділет басқармасы қызметкерлері мен студенттер арасында Жолдастық кездесу және Заң мен тәртіп: «Әділдік жолы-ад
Отбасы күніне орай "Жұптасқан жүректер-түлектер!" мәдени-рухани сазды кеш
"AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2025" диплом табыстау рәсіміне шақырамыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады!
Түркі дүниесінің ынтымақтастығы күні құтты болсын!
Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында "Менің жетістігім — менің нәтижем!" тақырыбы бойынша онлайн дәріс
Таңдау сенде, жас түлек!
Елге қызмет-абыройлы міндет!
Медицина қызметкерлерінің күні құтты болсын!
журналист, сатирик-жазушы Үміт Зұлхарованың "Келеке керек пе?" атты кітабының таныстырылымына шақырамыз! 