Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Түркістан облысы Төтенше жағдай департаменті бастығының бірінші орынбасарлығына құқықтану мамандығының түлегі Сейсенов Асқар Әмірханұлы тағайындалды

Біздің түлек -біздің мақтанышымыз!

Түркістан облысы Төтенше жағдай департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған азаматтық қорғау полковнигі Сейсенов Асқар Әмірханұлын жаңа қызметімен құттықтаймыз! 

Сейсенов Асқар университетіміздің 2003 жылғы түлегі. 
Жамбыл облысы, Тараз қаласының тумасы. 
Алғашқы еңбек жолын 2003 жылы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің №14 МӨСБ инспекторы болып бастаған Асқар Әмірханұлы осы салада жылдар бойы үздіксіз еңбек етудің арқасында төменгі баспалдақтан жоғарыға көтеріліп келе жатқан еңбекқор азамат. 
Асқар Әмірханұлы Түркістан қаласының өрт сөндіру саласында инженер, аға анықтаушы, аға инженер-ауысым басшысы, бас маман, бекет бастығы, бастық орынбасары, басқарма бастығы қызметтерімен елге еленіп, 2025 жылдың қараша айының 24-ші жұлдызынан бастап Түркістан облысының Төтенше жағдай департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Әлемдегі ең қауіпті мамандықтың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматқа тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етері сөзсіз. 
Тілсіз жаумен арпалысып, өлім мен өмірдің арасында елі үшін қызметтік борышын атқарып жүрген барша өрт сөндірушілер мен түлегіміз Сейсенов Асқарға Ахмет Ясауи университетінің ұжымы, Түлектер қауымдастығы күш-қуат, қажыр-қайрат, құламас абырой мен отбасы амандығын тілейді!