«ҚАЗІРГІ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ: ӨЗГЕРІСТЕР; ТЕНДЕНЦИЯЛАР; ПАРАДИГМАЛАР» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін 12 сәуір Ғылым қызметкерлері күніне орай Түлектер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қазіргі филология ғылымының жай-күйі: өзгерістер, тенденциялар, парадигмалар» атты семинар өтті.
Шараға Қазақстан және шетелдегі филология факультетінің ғылымда жүұрген бірқатар түлектері мен университет оқытушылары және студенттер қатысты.
Семинардың мақсаты – қазіргі филология ғылымының жай-күйін қарастыру. Сондай-ақ, филология ғылымдарының докторы, профессор, ұстаз Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өткеніне бір жыл толуына орай шәкірттерінің еске алуы еді.
Жиынды Филология кафедрасының меңгерушісі Жазира Исаева ашты.
Семинарда алғашқы сөзді Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры, үйлестіруші Мәриям Асанова алып: «Бүгінгі семинар Ғылым қызметкерлері күніне қарсы түлектер мен студенттердің арасында алтын көпір орнату мақсатында өткізіліп отыр. Сонымен қатар, студент кезімізде Абай, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұнның ілімдерін санамызға құйып, көзімізді ашқан ұстазымыз, профессор Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өткеніне бір жыл толуына орай ұстазымызды еске алып отырмыз»,-деді.
Мазмұнды әрі маңызды шараны филология факультетінің «Жаңа толқын» клубының жетекшісі Раушан Байымбетова жүргізіп отырды.
Тағылымды семинарда 1995,1996 және 2006 жылдары оқу бітірген университет түлектері- Мекемтас Мырзахметовтың шәкірттері спикер болды.
Ең алдымен, онлайн арқылы байланысқа шыққан Иордания Университеті, Шет тілдер факультеті, Азия тілдері кафедрасы, Түрік-ағылшын тілдері бөлімінің доценті, профессор Бағдагүл МҰСА «Тіл оқытуда сандық трансформация: мысал ретінде Иордания университеті» тақырыбында баяндама оқып, өз ізденістерін және қолданыстағы әдістемелік оқу білім үдерістері жөнінде толыққанды ақпарат ұсынды. Келесі кезекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасынан ф.ғ.д., профессор Айгүл Саденова баяндама жасады. Ғалым «Толық адам ілімі және бүгінгі жастар» тақырыбындағы баяндамасында әлемдік деңгейдегі кемеңгер Абай Құнанбайұлының жазып кеткен қағидасы арқылы шыққан тұжырымына тоқталды.
Одан әрі ф.ғ.к., доцент Алматы қазақ гуманитарлық-педагогикалық колледжінің оқытушысы Ноябрь Кенжегараев классикалық филология мен бүгінгі академиялық филологияның өзекті мәселелеріне тоқталып, 30 жыл ішінде, яғни 1996-2026 жылдар аралығында Филология факультетінің оқу бағдарламасында үлкен айырмашылықтар бар екенін атап өтті.
«Селективті мутизмнің қос тілді балалардың тілдік дамуына әсері» жөніндегі өзекті мәселе бойынша ф.ғ.к Амстердам университетінің докторанты Гүлдана Сарбасова сөз қозғады.
Айта кетейік, семинар офлайн және онлайн форматта өтті.
Тағылымы мол мазмұнды шара соңы пікір алмасуға ұласып, баяндамашылар студенттердің сұрақтарына жауап берді. Филология ғылымының ғалымдары алдағы уақытта бірлескен семинарларды жиі өткізуге өзара келісті.
Түлектер назарына!!!
«Қазіргі филология ғылымының жай-күйі: өзгерістер, тенденциялар, парадигмалар» атты филология түлектерімен семинар өтеді
" YAZAR VE EDEBİ GELENEK " TEMASI ÇERÇEVESİNDE MANEVİ BİR TOPLANTI YAPILACAK
30 қыркүйек Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ, асық атудан Түркістан облыстық Әділет басқармасы қызметкерлері мен студенттер арасында Жолдастық кездесу және Заң мен тәртіп: «Әділдік жолы-ад
Отбасы күніне орай "Жұптасқан жүректер-түлектер!" мәдени-рухани сазды кеш
"AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2025" диплом табыстау рәсіміне шақырамыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады!
Түркі дүниесінің ынтымақтастығы күні құтты болсын!
Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында "Менің жетістігім — менің нәтижем!" тақырыбы бойынша онлайн дәріс
Таңдау сенде, жас түлек!
Елге қызмет-абыройлы міндет! 