Аппарат басшысы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы лауазымына Сейтенов Ержан Іргебайұлы тағайындалды.
Ол 1974 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында туған.
Қожа Ахмет .Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 1995 жылғы түлегі, құқықтану магистрі.
Ержан Іргебайұлы еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған темір-бетон конструкцияларын өндіретін кәсіпорында жұмысшы болып бастап, жеке секторда жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2016-2021 жылдар аралығында Алматы қаласының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау, Жасыл экономика, Тұрғын үй саясаты басқармаларының басшысы.
2021-2023 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарды.
Ержан Іргебаайұлының қызметіне сәттілік тілейміз!
Біздің түлек-біздің мақтанышымыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Түркістан телеарнасы түлектер туралы фильм түсірді.
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады! 