ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА ИНТЕРАКТИВТІ СТУДИЯ ЖАСАҚТАЛДЫ
Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен Халық Банкі өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Биыл өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан Халық Банк оқу ордамызға Интерактивті студия жасақтап, сыйға тартты. Бұл бастама тараптар арасындағы ұзақ жылдарға жалғасқан серіктестікпен қатар, банктің 100 жылдық мерейтойына «100 игі іс» жобасы аясында жүзеге асты.
Жиында сөз бастаған университет ректоры Жанар Темірбекова Халық Банкін ғасырлық мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ, екі тараптың серіктестігі ендігі уақытта ресми үлгіде жалғасатынына қуанышты екенін жеткізді. Меморандум аясында алдағы уақытта маңызды ортақ жобалар жүзеге асатынына сенетінін айтты.
Келесі кезекте, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Артур Тасқарин де игі бастама бойынша өзінің ыстық ықыласын жеткізді.
«Өздеріңіз білетіндей, Ясауи университеті Халық Банкінің қызмет көрсету тетіктерінің барлық түрі бойынша 25 жылдан астам уақыттан бері ірі серіктеске айналды. Бұл – біз үшін де үлкен қуаныш. Банктің Түркістан облысы бойынша филиалында 400-ге жауық қызметкері бар. Олардың көп бөлігі Ясауи университетінің түлегі атанған, білікті мамандар.
Банк 100 жылдық мерейтойына орай қолға алған «100 игі іс» әлеуметтік жобасы аясында барлық облыстарға түрлі сый тарту етуде. Халық Банктің Түркістан облысы бойынша филиалы университетімізге өзгелерден ерекше сый беруді шешті. Ол – Интерактивті студия. Оқу орда оқытушы-профессорлары лекция, семинар, онлайн конференция сынды өзге де дәріс түрлерін осында өтіп, студенттерге сапалы білім беруге қолдана алады. Университетпен өзара серіктестік ұзағынан болып, пайдасы мол жұмыстар атқаратынымызға сенеміз»,-деді.
Университетіміздің ректор өкілі Пейами Баттал меморандум аясында экономика саласы бойынша білім алып жатқан студенттеріміздің Халық Банк филиалдарында іс-тәжірибеден өтуіне жағдай жасау, банктің осы тұрғыда онлайн форматта жобалар дайындауы сынды маңызды ұсыныстарын ортаға салды. Ынтамақтастық меморандумы екі тарапқа да пайдалы әрі берері мол бастама болуына тілектес екенін жеткізді.
Басқосу соңында аталған ынтымақтастық туралы келісімге университет ректоры Жанар Темірбекова және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Артур Тасқарин қол қойды.
Баспасөз орталығы
"ЖАЗУШЫ МЕН ӘДЕБИ ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
30 қыркүйек Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ, асық атудан Түркістан облыстық Әділет басқармасы қызметкерлері мен студенттер арасында Жолдастық кездесу және Заң мен тәртіп: «Әділдік жолы-ад
Отбасы күніне орай "Жұптасқан жүректер-түлектер!" мәдени-рухани сазды кеш
"AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2025" диплом табыстау рәсіміне шақырамыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады!
Түркі дүниесінің ынтымақтастығы күні құтты болсын!
Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында "Менің жетістігім — менің нәтижем!" тақырыбы бойынша онлайн дәріс
Таңдау сенде, жас түлек!
Елге қызмет-абыройлы міндет!
Медицина қызметкерлерінің күні құтты болсын!
журналист, сатирик-жазушы Үміт Зұлхарованың "Келеке керек пе?" атты кітабының таныстырылымына шақырамыз! 