Өзбекстан Республикасы Әлішер Науаи атындағы Ташкент Мемлекеттік университеті, Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, доцент, PhD, университетіміздің 1999 жылғы түлегі Рашидова Наргиза Бақтиярқызы "Араб тілін үйрену әдістері" атты семинар өткізді
Теология факультетінің студенттеріне университетіміздің Шығыстану факультетінің 1999 жылғы түлегі, Өзбекстан Республикасы Әлішер Науаи атындағы Ташкент Мемлекеттік университеті, Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, доцент, PhD Рашидова Наргиза Бақтиярқызы "Араб тілін үйрену әдістері" атты семинар берді.
Семинарда Наргиза Бақтиярқызы студенттерге Араб тілін үйренудің қыр-сырларын түсіндірді. Өзбек тіліндегі араб сөздерінің тілдік өзгеріске қалай түскендігін, қолданыстағы өзбек тіліне төл сөз сияқты сіңіп кеткен араб тілінен енген сөздерді ашықтады. Семинар барысында Н.Рашидова араб тілін үйренудің тиімді тәсілдерін көрсетті. Түркі тілдерінің 60 пайызға жуық сөздері араб тілінен енгендігін ескерсек, бұл тілді игеру аса қиын еместігіне екпін қойып, көптеген мысалдар келтірді.
Семинарға университетіміздің вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев мырза да қатысты.
Семинар соңында Асқар Әбдуәліұлы сөз алып семинардың өте қызықты өткенін айтып, білім алушыларға семинардың нәзік тұстарын түсіндірді. Себебі Асқар Әбдуәліұлы араб тілінің білікті маманы.
Өз сөзінде вице-ректор А.Тұрғанбаев Түркі тілдеріне араб тілінен көптеген сөздер енгендігін айта келе, араб тіліне түркі тілінің де көптеген сөздерінің енгенінен сөз етті. Жалпы тілді үйрену үшін ықылас ынта керектігін айтып, білім алушыларға университеттің жасап отырған мүмкіндіктерін барынша пайдалану керектігін түсіндірді.
“Дінтану және теология бағытында хас маман болу үшін араб-парсы тілдерін меңгеруіміз керек. Ата-бабаларымыздың құнды еңбектері де араб-парсы емлесінде жазылған. Сондықтан барынша осы тілдерді игеруге ұмтылуымыз керек. Айналайын, білім алушылар сендерден талап етілетін бір ғана тілек ”жақсы оқу керек" , ал университет өз кезегінде бұл бағыттарға қолдау көрсетуін тоқтатпайды" деді. Содан кейін университет вице-ректоры семинар беруші түлегіміз Наргиза Бақтиярқызына университет атынан алғыс білдіріп, университеттің мерейтойлық медалімен марапаттады.
Университетіміздің Түлектер Қауымдастығының Атқарушы Директоры Асанова Мәриям ханым ұлтымыздың дәстүрі бойынша сыйластық пен құрметтің белгісі ретінде университетіміздің түлегі, қазіргі уақытта Ташкент Мемлекеттік университетіндегі Шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Рашидова Наргиза ханымға шапан жауып, университет атынан сый-сыяпаттар табыс етті.
Өз кезегінде Рашидова Наргиза ханым факультетке Араб тілін үйренуге байланысты әдістемелік еңбектерін факультетке сыйға тартты.
"ЖАЗУШЫ МЕН ӘДЕБИ ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
30 қыркүйек Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ, асық атудан Түркістан облыстық Әділет басқармасы қызметкерлері мен студенттер арасында Жолдастық кездесу және Заң мен тәртіп: «Әділдік жолы-ад
Отбасы күніне орай "Жұптасқан жүректер-түлектер!" мәдени-рухани сазды кеш
"AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2025" диплом табыстау рәсіміне шақырамыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады!
Түркі дүниесінің ынтымақтастығы күні құтты болсын!
Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында "Менің жетістігім — менің нәтижем!" тақырыбы бойынша онлайн дәріс
Таңдау сенде, жас түлек!
Елге қызмет-абыройлы міндет!
Медицина қызметкерлерінің күні құтты болсын!
журналист, сатирик-жазушы Үміт Зұлхарованың "Келеке керек пе?" атты кітабының таныстырылымына шақырамыз! 