Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Афьонда өткен сәтті ота біздің түлектің қолымен жасалды

 
Қоғамда сирек кездесетін аурулардың бір түрі өңеш ахалазиясымен шағымданған екі науқас Түркияның Афионкарахисар мемлекеттік ауруханасына түскен.
Тексеруден соң гастроэнтерология хирургиясының маманы Dr. Мелих Джан Гүл мен оның командасы екі науқасқа ауруханада ота жасаған.
Қоғамда 300 мың адамның бірінде кездесетін ахалазия ауруына шалдыққан бұл науқастар сәтті жасалған операциядан соң денсаулығын қалпына келтірген.
Бұл ауруханада лапароскопиялық (жабық) әдісі бойынша науқастарға алғаш рет ота жасалыпты.
Dr. Мелих Джан Гүл университетіміздің медицина факультетінің 2014 жылғы түлегі.
Ата-ана баласының жетістігі үшін қалай қуанса, біздің университет те өз түлектерінің тың жаңалықтары мен жетістіктері үшін қуанып, үнемі мақтанып отырады.
Медицина факультетінің түлектері 100 пайыз жұмыспен қамтылып, еліміздегі және шетелдік ауруханаларда жоғары деңгейде қызмет етуде. 
Біз түлектерімізбен мақтанамыз!