Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бастығы тағайындалды

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бастығы болып журналистика мамандығының 2008 жылғы түлегі Жапишов Ғани Өтепбайұлы тағайындалды. Құттықтаймыз!
Ғани Өтепбайұлы1986 жылғы 13 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (Түркістан қ.) «журналистика» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Болашақ» академиясын (Қарағанды қ.) «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Президенттік «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Broadcast Journalism мамандығы бойынша Нью-Йорк кино академиясын (NYFA, Нью-Йорк қ., АҚШ) тәмамдаған.
Журналистика саласындағы еңбек өтілі – 15 жылдан астам. «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарында қызмет атқарған.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметін басқарды.
«Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры болды.
Соңғы атқарған қызметі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің кеңесшісі.
 
Ғани түлегімізге абырой биігінен түспеуін тілейміз!

Біздің түлек-біздің мақтанышымыз!