Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып университетіміздің 1995 жылғы түлегі тағайындалды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып заң факультетінің 1995 жылғы түлегі Ержан Сейтенов тағайындалды.
Ержан Сейтенов 1974 жылдың 18 қыркүйегінде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Ахмет Ясауи университетінің заң факультетін 1995 жылы бітірді. Биыл алғашқы түлектерімізге 30 жыл толып отыр.
Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорған темірбетон бұйымдары зауытында жұмысшы болып бастаған Ержан 2000-2002 жылдары унивепситетіміздің заң факультетінде оқытушы, декан орынбасары қызметтерін атқарған.
2008–2011 жылдары – «Алматы пәтер қызметі» ШЖҚ КМК басшысының орынбасары.
2011–2012 жылдары – «Жібек жолы – Қазақстан» ЖШС-нің вице-президенті.
2015–2016 жылдары – «Алматы» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі.
2016–2019 жылдары – Алматы қаласы жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының басшысы.
2019 жылдың ақпанынан 2020 жылдың ақпанына дейін Алматы қаласының жасыл экономика басқармасын, кейін оңтүстік астананың тұрғын үй саясаты басқармасын басқарған.
2021 жылдың мамыр айынан 2023 жылдың мамырына дейін Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі қызметін атқарды.
2023 жылдың қазан айынан бері Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
Ержан Сейтеновтің жаңа қызметіне сәттілік, отбасына амандық, деніне саулық тілейміз!
Біз түлектерімізбен мақтанамыз!
"ЖАЗУШЫ МЕН ӘДЕБИ ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
30 қыркүйек Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ, асық атудан Түркістан облыстық Әділет басқармасы қызметкерлері мен студенттер арасында Жолдастық кездесу және Заң мен тәртіп: «Әділдік жолы-ад
Отбасы күніне орай "Жұптасқан жүректер-түлектер!" мәдени-рухани сазды кеш
"AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2025" диплом табыстау рәсіміне шақырамыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады!
Түркі дүниесінің ынтымақтастығы күні құтты болсын!
Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында "Менің жетістігім — менің нәтижем!" тақырыбы бойынша онлайн дәріс
Таңдау сенде, жас түлек!
Елге қызмет-абыройлы міндет!
Медицина қызметкерлерінің күні құтты болсын!
журналист, сатирик-жазушы Үміт Зұлхарованың "Келеке керек пе?" атты кітабының таныстырылымына шақырамыз! 