Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«30 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне» орай қазақтың ұлттық ойындары мен тағылымы мол семинар өтті

«30 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне» орай Түлектер қауымдастығының ұйымдастыруымен қазақтың ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ МЕН тағылымы мол СЕМИНАР ӨТТІ
 
????Алдымен Әділет органдарының қызметкерлері мен университет студенттері арасында асық ату және тоғызқұмалақ ойындарынан жолдастық кездесу өтті. Бұл бастаманың мақсаты – түлектер мен студенттер арасындағы достықты нығайтып, ұлттық ойындарды дәріптеу.
????Жарыс соңында Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов пен университет ректоры Жанар Темірбекова жеңімпаздарды марапаттап, дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.
????Сонымен қатар, Заң факультетінің студенттері үшін «Әділдік жолы – адал жол!» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – әділдік пен тәртіптің қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру, студенттердің мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру.
????Семинарды Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетовтің, Әкімшілік бөлімінің басшысы Марат Ахтановтың, Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы Жігер Токсабаевтың, Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Аңсар Пирметовтің, Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Нұрлан Ербекешовтің дәрістері толықтырды.
????Жиында заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі, әділдіктің адамзат өміріндегі орны кеңінен талқыланды. Түркістан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары бөлімнің негізгі қызмет бағыттары мен енгізіліп жатқан жаңашылдықтар жайында баяндап, студенттердің сұрақтарына жауап берді.
????Аталған іс-шаралар студенттердің ұлттық дәстүрлерге, әділдік пен заңға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақта қоғамға адал қызмет ететін білікті маман болуға ынталандыратыны анық. Университет алдағы уақытта да жастарға тағылым беретін, жарқын болашаққа жол ашатын осындай игі шараларды жалғастыра бермек.