Біздің түлек Халықаралық "Шабыт" фестивалінің гран приін иемденді.
Біздің түлек Халықаралық "Шабыт" фестивалінің гран приін иемденді.
Астана қаласы Мәдениет басқармасы «Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы» МКҚК мен Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық университеті 2025 жылдың 18-22 қараша аралығында өнер саласындағы шығармашылық жетістіктерді анықтау, дарынды орындаушыларды қолдау мақсатында «ШАБЫТ» шығармашыл жастардың XXVIII Халықаралық байқауын өткізді.
Халықаралық фестивальдің ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов,
Астана қаласы әкімінің орынбасары Байкен Есет Берікұлы,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ғалым Ахмедьяровтар құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұл фестиваль Қазақстандағы ең ірі мәдени шаралардың бірі әрі дарынды жастардың басын қосатын халықаралық алаң.
«Шабыт» жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнерлі жастарды тоғыстыратын, шығармашылықты дәріптейтін, кәсіби шеберлікті шыңдайтын беделді жоба.
Фестивальдің басты мақсаты 18 бен 35 жас аралығындағы шығармашыл жастар мен таланттарды қолдау, олардың кәсіби деңгейін арттыру, ұлттық және әлемдік мәдени мұраны насихаттау, сондай-ақ шығармашылық ынтымақтастықты күшейту.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау мен қорытындысын шығару үшін «ӘДЕБИЕТ» (поэзия) номинациясы бойынша бекітілген қазылар алқасының құрамы төмендегідей бекітілді:
1. Қасымхан Бегманов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Қазылар алқасының Төрағасы;
2. Ғалым Жайлыбай, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты - Қазылар алқасының мүшесі;
3. Бауыржан Бабажанұлы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «ТҮРКІСТАН» халықаралық саяси апталығының бас редакторы - Қазылар алқасының мүшесі;
4. Жанат Әскербекқызы, ақын, филология ғылымдарының докторы - Қазылар алқасының мүшесі;
5. Қалқаман Сарин, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Қазылар алқасының мүшесі;
«ӘДЕБИЕТ» (поэзия) номинациясы бойынша жалпы саны 63 жас ақынның шығармалары (қолжазбалары) түскен.
Барлық шығармаларды мұқият оқып, талдап, үш рет сараптамадан өткізу нәтижесінде іріктелген отыз ақынның ішінен он бір жүлдегер анықталды.
22 қараша күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен қорытынды жиында қазылар алқасының төрағасы Қасымхан Бегманов, мүшелері Бауыржан Бабажанұлы, Жанат Әскербекқызы және ақын Серікзат Дүйсенғазы «ШАБЫТ» Халықаралық фестивалі «ӘДЕБИЕТ» (поэзия) номинациясы бойынша орын иелері мен арнайы жүлдегерлерге салтанатты түрде жүлделерін табыстады.
Ал кешкісін Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «ШАБЫТ» шығармашыл жастардың XXVIII Халықаралық фестивалінің жабылу салтанатында Бас жүлде иегері, ақын Дәурен Тілеухан марапатталды.
Бас жүлденің сыйақы қоры – 3 000 000 теңге.
ДӘУРЕН ТІЛЕУХАН – 2000 жылы 28 қазанда Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданына қарасты Көрпе ауылында дүниеге келген. Ахмет Ясауи университетінің филология факультетінің 2022 жылғы бакалавр, 2024 жылғы магистр түлегі.
Халықаралық «Алтын қалам» әдеби байқауының «Жылдың үздік поэзиясы» аталымының жеңімпазы.
«Сағыныш сыбыры» жыр жинағының авторы.
Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып жүрген ақын түлегіміз Дәурен Тілеуханға шығармашылық шабыт пен мықты денсаулық тілейміз!
Жүлде құтты болсын!
Біз түлектерімізбен мақтанамыз!
"ЖАЗУШЫ МЕН ӘДЕБИ ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
30 қыркүйек Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ, асық атудан Түркістан облыстық Әділет басқармасы қызметкерлері мен студенттер арасында Жолдастық кездесу және Заң мен тәртіп: «Әділдік жолы-ад
Отбасы күніне орай "Жұптасқан жүректер-түлектер!" мәдени-рухани сазды кеш
"AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2025" диплом табыстау рәсіміне шақырамыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады!
Түркі дүниесінің ынтымақтастығы күні құтты болсын!
Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында "Менің жетістігім — менің нәтижем!" тақырыбы бойынша онлайн дәріс
Таңдау сенде, жас түлек!
Елге қызмет-абыройлы міндет!
Медицина қызметкерлерінің күні құтты болсын!
журналист, сатирик-жазушы Үміт Зұлхарованың "Келеке керек пе?" атты кітабының таныстырылымына шақырамыз! 