Хабарландырулар

shape
shape

Экология зертханасы

Экология зертханасы

Мақсаты:

Экологиялық мониторинг, жасыл технологиялар және қолданбалы микробиология салаларындағы ғылыми-инженерлік шешімдер арқылы экологиялық тұрақты өндірісті дамытуға, өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және қайта өңдеу өндірістерінің тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді консалтингтік және инжинирингтік қызмет көрсету.

Міндеттері:

  • Қоршаған ортаның (ауа, су, топырақ) жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізу және ластану деңгейін бағалау;
  • Өндірістік және қайта өңдеу кәсіпорындарының экологиялық тәуекелдерін талдау және экологиялық аудит жүргізу;
  • Қалдықтарды басқару, сұрыптау және қайта өңдеу үдерістеріне инженерлік және технологиялық қолдау көрсету;
  • Жасыл технологиялар мен ресурсты үнемдеу шешімдерін әзірлеу және енгізу;
  • Қолданбалы микробиология әдістерін пайдалана отырып, биоремедиация, биотазалау және биоконверсия технологияларын дамыту;
  • Өндірістердің көміртек ізін бағалау және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу;
  • Экологиялық стандарттар мен нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша консалтингтік қолдау көрсету;
  • Өңірлік тұрақты даму жобаларына ғылыми-техникалық сараптама жүргізу;
  • Инженерлік-жобалық құжаттамалар әзірлеу және технологиялық шешімдерді сүйемелдеу;
  • Экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму саласында кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру.