Клиника базасында озық аспаптық диагностика орталығы
Мақсаты: Заманауи жоғары дәлдіктегі аспаптық диагностика әдістерін (магнитті-резонанстық томография, фиброскан, т.б.) қолдану арқылы әртүрлі ауруларды ерте кезеңде анықтау, диагнозды нақтылау және емдеу тиімділігін бағалау.
Міндеттері:
- Магнитті-резонанстық томография (МРТ) арқылы орталық жүйке жүйесі, тірек-қимыл аппараты, ішкі ағзалар мен жұмсақ тіндердің құрылымдық және функционалдық жағдайын зерттеу;
- Фиброскан әдісімен бауыр тінінің серпімділігін, фиброз және стеатоз дәрежесін инвазивті емес жолмен анықтау;
- Ауруларды ерте диагностикалау және асқынулардың алдын алу;
- Диагностикалық зерттеулердің қауіпсіздігін, сапасын және стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
- Алынған нәтижелерді клиникалық деректермен салыстыра отырып, дәл қорытынды ұсыну;
- Емдеу тактикасын таңдауда клиницистерге ақпараттық қолдау көрсету;
- Диагностикалық процестерге инновациялық технологияларды енгізу және жетілдіру;
Науқастарға жоғары сапалы, қолжетімді және дәл медициналық қызмет көрсету.